Бейсенбі, 27 Сәуір 2023 14:30

Шымкент: Кәсіпкерлер палатасы жолаушыларды тасымалдау саласындағы мәселелерді талқылады

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасы жанындағы Көлік және логистика салалық кеңесініңжиынында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы бір-қатар проблемалық мәселелер Шымкент қаласының прокуратурасы, Шымкент көлік прокуратурасы, Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы, Шымкент қаласының әкімшілік полиция басқармасы, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы, «Диспетчерлік қызмет орталығы» КММ және жолаушыларды тасымалдаушы компаниялар өкілдерінің қатысуымен талқыланды.

Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 8 сәуірінде болған жол-көлік оқиғасына қатысты себеп салдар, оларға жол бермеу тиісті шаралар көру, жол-көлік қауіпсіздігі, көлік-логистикалық инфрақұрылым мәселелері (автобус жүргізушілерінің қысқа мерзімді демалыс орындары, санитарлық тораптар, асханалар), қоғамдық көлік үшін жекелеген қозғалыс жолақтарын белгілеу бойынша көтерілген сұрақтарға, тасымалдаушылар тарапынан қажетті бағыт және орналастару орны жайында мәліметтер ұсынылған жағдайда, уәкілетті органдар өкілдері бірлесіп шығу арқылы зерделеу жасау ұсынылды.

Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар маршруттарды субсидиялау, тасымалдаушыларға субсидияларды уақтылы аудару бойынша сұрақтар көтеріліп, оларды тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялауға арналған өтінімдерді қарау жөніндегі тарифтік комиссияның кезекті отырысында тасымалдаушы компаниялардың ұсыныстары қаралатыны жайында шешім қабылданды.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Атамекен" ҰКП - мен бірлесіп "Бизнеске жол" жобасын іске қосқаны, оның басты мақсаты-әртүрлі әкімшілік кедергілерді еңсеру, құжаттарды ресімдеу кезінде әуре-сарсаңға салу, мемлекеттік қызметшілер қабылдайтын шешімдердің мерзімдері мен ашықтығын сақтауды қамтамасыз ету жөнінде атап өтті.

Оқылды 347 рет