Жұма, 28 Сәуір 2023 20:50

Отырарда шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздік шаралары жөнінде комиссия отырысы өтті

Жаз келгеннен көпшілік су айдындарына қарай ағылатыны белгілі. Олардың ішінде мас күйінде суға түсіп, соңы қайғылы оқиғамен аяқталып жататын деректер аз емес. Сондай-ақ ата-ананың көзін ала бере өзен-көлге тайып тұратын балалардың кейбірі суға кетіп жатады.

Осыған орай ҚР Төтенше жағдайлар Министрінің «2023 жылғы шомылу маусымы кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары туралы» 27.03.2023 жылғы №137 бұйрығына сәйкес 2023 жылғы жазғы шомылу маусымындағы Отырар ауданы су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Отырар ауданы ТЖБ бастығының міндетін уақытша атқарушы, азаматтық қорғау капитаны Д. Майлыбеков, Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанхановтың қатысуымен және де тиісті мекеме басшыларымен комиссия отырысы өткізілді. Жиын барысында шомылу маусымында қаупсіздік ережелерінің сақталуын қадағалау бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Жаздың ыстығында күнге және ыстық құмға қыздырыну, салқын суға шомылу жанға сондай жайлы. Алайда, су сенің досың ғана емес, сонымен бірге дұшпаныңа да айналуы мүмкін. Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын орындамауы орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін, Отырар аудандық Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары төмендегі ережелерді орындау керектігін айтады:

I. Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары

- Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз.

- Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз.

- Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар.

- Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз.

- Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз.

- Қоршау белгілерінен, буйлардан тысқары аумаққа шықпаңыз.

- Техникалык ескерту белгілерінің, буйлардың және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар.

II. Көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда шомылудың қауіптері

Өзендер мен көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда шомылудың қауіпі мол, себебі инфекциялық аурулардың қоздырғыштары ағын суда: Іш-сүзегі 183 тәулік, дизентерия 12-92, оба 4-92, туляремия 7-31, бруцеллез 4-45 тәулікке дейін өмір сүреді.

III. Аяқ-қол тырысуы (судорога) болғанда сіздің іс-әрекетіңіз

Суық суда шомылу қол-аяқтың тырысып қалуына әкеліп соғады.
- егер тырысу болғанда жүзуді тоқтатып суға арқаңызбен шалқалай жатыңыз, сабырлық сақтаңыз.

- Қолыңыздың саусақтары тырысып қалғанда жұдырығыңызды түйіңіз, қолыңызды бір жаққа қарай серпе лақтырып, жұдырығыңызды ашыңыз.

- Балтыр бұлшық еті тырысқанда бүгіліп қолыңызбен аяғыңыздың басын қысып бар күшіңізбен өзіңізге қарай тартыңыз, немесе аяғыңызды судың астына созып, аяғыңыздың бармақтарын алға иіңіз. Содан соң балтырыңызды сылаңыз.

- Тырысу қойысымен тынығып алып, жүзудің басқа әдісімен жағаға шығыңыз.

IV. Су иірімінен шығудың тәсілдері

- Егер иірімге тап болсаңыз, кеудені кере дем алып, иірімнің астына сүңгіңіз.

- Судың астында иірімнен алысырақ кетуге тырысыңыз.

- Иірімнен алыстаған соң судың бетіне қайта шығып жағаға қарай жүзіңіз.

V. Суда қатты шаршаған кездегі іс-әрекет

Суда ұзақ шомылу шаршап - шалдығуға әкеліп соғады.

- Егер суда шарашасаңыз немесе тоңсаңыз тез арада жағаға қайтыңыз. Сабыр сақтаңыз.

- Әлсін - әлсін шалқалай жатып дем алыңыз, күшіңізді үнемдеңіз, өзіңізді және уақытты бақылау үшін, жаймен дауыстап санаңыз.

- Егер өз күшіңізбен жағаға жете алмайтыныңызды сезінсеңіз шалқалай жатып қолыңызды бұлғап көмекке шақырыңыз.

VI. Суық судың қауіптілігі

Суық суға түсіп кеткен адам 10-30 минутта көбіне суық өтіп қайтыс болады (5-7С 2-ші дәрежелі гипотерамия). 5-15 минут қимылсыздық суықтан талуға (шок) және өлімге әкеліп соғады. Суық судан шығарылып, аман қалғанның өзінде жиі-жиі есінен танады.
Организімнің жалпы салқындауы қатты шаршағанда, ашыққанда, мас күйінде тезірек болады. Физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты әйелдер суық суға төзімдірек болады, ерлер 4-5 минуттан соң-ақ жүректері тоқтап қалуы мүмкін. Суық суда клиникалық өлім 30-60 минутқа, жылы суда 5-6 минутқа созылады. Тұщы суға батқан адам 1-3
минутта, ал теңіз суында 7-8 минутта қайтыс болады. Сондықтан суық суда әрбір секунд қымбат.

VII. Судағы қатерге ұшыраған адамға алғашқы көмек

Қатерге ұшыраған адамға көмек көрсеткенде мүмкіндігінше тездетіп оттегі жетімсіздігін қолдан дем алдыру тәсілін қолдану арқылы жойыңыздар.

- қатерге ұшыраған адамды судан алып шыққаннан кейін оның киімін беліне дейін шешіп, демалу жолдарының жоғары жағын және асқазанын судан босатуға кірісу;

- қатерге ұшыраған адамның аузын азу тістерінінің әр жағынан саусақпен қармай, немесе қол орамалмен, не дәке оралған пышақ жүзімен, шай қасықтың сабымен немесе жалпақ темір заттпен ашу керек.

- Ауыз ішін шырыш пен балдырдан тазалау керек.

- Қатерге ұшыраған адамның жоғарғы тыныс жолдары мен асқазанын судан арылту үшін оның кеудесін көмек көрсетушінің тізесінің бүгілген аяғының үстіне басын төмендетіп салып, кеуде сүйегінің астыңғы бөлімдерін ырғақпен қысып баса беру. Ең жеңіл және тиімді тәсіл - «ауыздан - ауызға» немесе «ауыздан - мұрынға» ауа үрлеу. Қатерге ұшыраған адамды бетін жоғары қаратып жатқызып, бір қолды оның мойнының астына жіберіп, екінші қолымен маңдайынан басып, басын мүмкіндігінше шалқайту. Бас бармақпен және сұқ саусақпен қатерге ұшыраушының мұрнын қатты қысып, демді ішке терең алып, оның аузына минутына 18-20 дем салу керек. Қатерге ұшыраушының жүрек соғуын ұдайы қадағалап отыру керек. Егер жүрек соғуы тоқтап қалса қолдан дем алдыру мен қатар, жүрекке тікелей емес массаж әдісін қолдану керек, ол үшін: қатерге ұшыраушының жүрек түсына бір алақанды қойып екіншісін айқастыра салу керек, екі колдың да саусақтары көтеріңкі болу қажет, дене салмағын пайдалана, төс сүйекті омыртқа жотасына қарай 4-5 см қысады, жиілігі минутына 70-72 рет. Есте сақтаңыздар! Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы - суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау.

Жаз айы шығысымен күн ысығаннан бастап адамдар өзен-көлдердің жағасында демалып, суға түсіп, күнге қыздырынғанды жақсы көреді. Әрине, суға түсіп демалудың пайдасы адам денсаулығы үшін орасан. Бірақта қауіптілігі де жоғары. Көптеген демалыстың соңы қайғылы жағдаймен аяқталып жататыны өкінішті. Ашық дерек көздер таратқан мәліметке қарағанда суға батып кетіп, ажал құшқандардың саны әлем бойынша үшінші орынды көрсетеді екен. Сондықтан су жағасында демалуды ойлаған адам ең алдымен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтағаны жөн.

Бәріміз білетіндей суға түсудегі қауіпсіздіктің ең басты кепілдерінің бірі – жақсы жүзе білу. Бірақ жақсы жүзе алатын адам да үнемі сақ, тәртіпті болып және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы керек. Сондықтан қыр-сыры белгісіз су қоймаларында суға түспеңіз. Өйткені оның түбі терең немесе судың асты адамның денесіне жабысатын балдырлы, суық  болуы мүмкін.

Су айдындарында мүмкіндігінше әртүрлі ойындарды ойнамаңыз. Өйткені суды шашыратып, толқын тудыру басқа адамдардың су ортасында тыныс алуына кедергі келтіріп тұншығып қалуына себеп болуыңыз мүмкін. Суға түсіп жүргенде оқыс оқиға болса, қорықпауға тырысыңыз. Қорқыныш сезімін жеңе алмай қалсаңыз өз әркеттеріңізді бақылай алмайсыз. Тұншығып бара жатып айқайламаңыз, өйткені су өкпеге бірден кіріп кетеді. Басыңызды судан жоғары шығарып, терең тыныс алғаннан кейін ғана айғайлауға болды. Құтқарушыларға қол сермеп белгі беріңіз.

Ал егерде жүзуді білмей, судың ортасында кездейсоқ қалып қойсаңыз қолдарыңызды кең жайып, мүмкіндігінше терең және сирек дем алыңыз. Тік тұрып, аяқты педаль басқандай жылжытып, қолдарыңызды жоғары көтеріп суды төмен итеріп қозғалтыңыз. Үзідкісіз қимылдан шаршап қалсаңыз суға арқамен жатып, демалуға тырысыңыз. Ол үшін қол мен аяқты түзу ұстап, басыңызды судың үстіне қойып, тынығып алуға әрекет жасаңыз. Судың суықтығынан тонып қалсаңыз қолдарыңыз бен аяқтарыңызды кезекпен созу арқылы жылытуға тырсыңыз. Ал аяғыңыз тартылып қалса суға батырыңыз да күшпен өзіңізге қарай тартыңыз.

Кейбір көлдер мен өзендерде айналмалы иірімдер болады. Ол адамды шыр көбелек айналдырып түбіне тартып әкетуі мүмкін. Сондай қауіпке кездессеңіз өкпеңізге көбірек ауа жұтып, қауіпсіз жаққа қарай  яғыңызды күрт сермеп секіріңіз.

Ал өзенде жүзу кезінде қатты ағысқа түсіп қалсаңыз күшіңізді босқа жұмсамаңыз, ең жақын жағалауға қиғаш бағытта жүріп, жай ғана ағыспен жүзіңіз.

Су астында неше түрлі қауіпті заттар болуы мүммкін. Соны бірі балдырлар. Суда жүзуге кедергі келтіріп, балдырлар аяғыңызға жабыса бастағанын сезген бойда тоқтамаңыз, бір орында тұрып қалмаңыз. Екі аяқпен күрт итеріп, өзіңізді босатуға тырысыңыз. Егер мұны бірден жасау мүмкін болмаса, балдырларды екі аяқпен кезек-кезек ысқылап босатуға тырсыңыз. Судың астына түсіп балдырларды қолмен аршимын деп әрекеттенбеңіз, балдырлар мойныңызға жабысып шатасып байланып қалуы мүмкін.

Осындай қиындықтарға тап болып, өміріңізді қауіп пен қатерге байламас үшін қарапайым қағидаларды қатаң сақтаған жөн.

Біріншіден суға түсуге арнайы дайындалған, рұқсат етілген, жағасында құтқарушы мамандар жұмыс істейтін орындарда ғана шомылуға тырсыңыз.

Екіншіден ішімідік ішіп, мас болған кезде өзен-көлдерге, жалпы терең су қоймаларына түспеңіз.

Үшіншіден ыстық күннің астында қыздырынып, суық суға бірден түспеңіз. Температураның кенеттен өзгеруі жүрекке салмақ салып, тоқтап қаулы мүмкін.

Төртіншіден ауа райы дауылды күні жағаға толқын ұрып буырқанып жатқан теңізге, көлге түспеңіз. Қатты толқын өзіне тартып әкетеді. Ағысы қатты өзенге түсуден мүлдем аулақ болған жөн.

Бесіншіден жақсы жүзуді білсеңіз де жағалаудан ұзап кетпеңіз. Өміріңізге қауіп төнсе құтқарушылар жылдам жете алатындай болуы керек. Батып бара жатқаныңызды сезсеңіз құтқарушыларға, жағалаудағы адамдарға бірден белгі беріңіз.

Ал суға батып бара жатқан адамды көрсеңіз оны құтқарып қалуға тырысу, әр адамның азаматтық парызы.

Ондай жағдайда үрейленбеңіз. Алдымен айқайлап құтқарушылардың немесе жағалаудағы адамдардың назарын батып бара жатқан адамға аударуға тырсыңыз.

Жағалауға жақын жерде судан шыға алмай тұншығып, жанталасқан адамды көрсеңіз айналаңызға жіті қарап, құтқару қалқаншасын немесе құтқару құралы ретінде қолдануға болатын пневматикалық матрацтарды, кеудешелерді, қалқымаларды, ұзын арқандарды т.б. көмектесуге жарайтын заттарды  тауып зардап шегушіге лақтырыңыз. Басқа амал таппасаңыз өз қабілетіңізге қарай әрекет еткен дұрыс. Жүзе алмайтын немесе жүзуді нашар меңгерген болсаңыз құтқаушы кеудеше немесе арнайы белдік киіп алып суға түсіңіз. Ал жақсы жүзе білетін адам болсаңыз бірден суға түсіп оның шашынан, аяғынан тартып судан шығаруға тырсыңыз. Тіпті болмаса арт жағына бір қолыңызбен қапсыра құшақтап, екінші қолыңызбен жүзіп жағаға жеткізуге болады. Тұншығып бара жатқан адамға қолыңызды созып немесе алдыңғы жағынан қапсыра құшақтап алу өзіңізге қауіпті. Жанталасып есі шыққан адам сізді де өзімен бірге батырып әкетуі мүмкін.

Зардап шеккен адамды жағалауға алып шыққаннан кейін маңайда дәрігер немес арнайы мамандар болмаса, дереу өзіңіз алғашқы көмек әрекеттерін жасаңыз.

Бірден оның ауыз қуысына құм немесе балдырлар кіріп кетпегенін анықтап,  тыныс алуына қиындық тудыратын барлық заттан тазалаңыз. Сосын тізеңізге етбетінен яғни ішімен жатқызыңыз, басы төмен салбырап тұратындай болсын. Өйткені жұтып қойған суды шығару керек. Суды бірден құспаса тілінің түбінен басып құстырыңыз. Содан кейін барып оны шалқасынан жатқызып, тануын қолыңызбен қысып тұрып, аузыңызды аузына тақап қатты үрлеп жасанды түрде дем жіберіңіз. Ал жүрегі соқпай қалғанын байқасаңыз жүрегінің үстінен алақандарыңызды айқастыра қойып минутына 15 рет басып жасанды массаж жасау керек. Зардап шегуші есін жинай бастағанын байқасаңыз бірден жедел жәрдем шақырған жөн.

Міне бұл кез келген адам, тіпті балаларға дейін білуге тиіс ережелер. Осының бәрін тізбектеп жазып отырғанымыз қарапайым қағидаларды білудің өзі көптеген қауіптен қорғап, ажалдан арашалап қалуы мүмкін. Сондықтан қауіп қатерден әрдайым сақтанып, айналаңыздағы адамдарға да ескерте жүріңіз. Өйткені қоғамның басты байлығы адам өмірі бәрінен қымбат. 

Суда дұрыс шомылу қағидалары

- алкоголь және есірткіден мас болған күйінде суға түсуге және шомылуға;

- суға қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сонымен қатар осы мақсаттарға арналмаған жарақтардан секіруге;

- тексерілмеген және жабдықталмаған орындарда сүңгуге;

- жүзу шегінен аспау үшін қойылған белгілерден асып жүзуге;

- жүзуге арналмаған заттармен пайдалануға;

- техникалық және ескерту белгілерін асып жүзуге;

- балалардың ересек адамдарсыз суға шомылуына тыйым салынады.

Әрбір адам суға шомылғалы жатқан су айдындардың қауіпті жерлері мен ерекшеліктерін білуі тиіс, себебі жабдықталмаған орындарда батып кеткен діңгектер, темір кесектері, шыны және тағы басқа заттар болуы мүмкін. Жақын жерде жүзіп бара жатқан катерлерге, кемелерге және моторлы қайықтарға жақын жүзіп бару аса қауіпті.

Суға шомылар алдында су айдындарын тексеру қажет: суға шомылуға арналған орын құмды жағалауда және суға түсуге ыңғайлы болуы тиіс; суға шомылуға арналған орын суда өсіп тұрған ағаштардың, суға батқан бөрененің, түбінде шұңқыр мен ойықтың жоқтығын тексеріңіз.

Ұзақ уақыт бойы суға шомылу да адамдардың денсаулығына қауіпті, суға шомылу ұзақтығы негізінен ауа температурысына, суға және желдің күшіне байланысты екенін атап өткен жөн. Суға шомылудың аса қолайды режимдері:

- су температурасы +180, суға шомылу уақыты 6-8 минут;

- су температурасы + 200, суға шомылу уақыты 10-12 минут;

- су температурасы +200, суға шомылу уақыты 15 минутке дейін.

Сонымен қатар тамақ ішкеннен соң 1,5 сағаттан кейін ғана суға шомылған жөн. Адамдардың суда қайғылы оқиғаларға ұшырауының басты себебі – жүзе білмеуі болып табылады. Жүзе білмеген адамға кенеттен түбі терең жерге барып қалу жеткілікті, қатты ағын немесе толқынның соғуы салдарынан адамдар тез арада өзін-өзі ұстай біледі, судан булығады және суға батады. Адамдардың суда қаза болуының себептерінің бірі – тәжірибелі жүзушілердің өзін суасты ағыны ерік бермей тартады. Әсіресе, түбі анық көрінетін өзендер мен көлдер, су астындағы жартас шоқысы, тіреуіші, суға батқан зәкір, бөрене және т.б. сүңгуге қауіпті болып табылады.

Көбінесе, кенеттен сіңір тарту адамдардың қозғаласына кедергі келтіру салдарынан суға батып кетіп жатады. Сіңір тартудың себептері суда дененің тоңуы, бір қалыпты жүзу кезінде бұлшықеттің ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуінен оның жиырылуы, су температурасының ауысуы болып табылады.

Сіңір тартқан жағдайда не істеу қажет:

1) Бірінші кезекте міндетті түрде жүзу стилін өзгертіңіз, арқаға жатып жүзіңіз, судан тез арада шығуға немесе жағалауға жақындауға тырысыңыз;

2) Қол саусақтарының тартылуын сезінген жағдайда қол білегін жұдырыққа түйіңіз, қолды сыртқа серпіп, жұдырықты ашу қажет;

3) Балтыр бұлшықетінің сіңірі тартқан кезде иіліп, зардап шеккен аяқтың табанын екі қолмен құшақтап, күшпен оны өзіңізге қарай тартыңыз;

4) Сан бұлшықетінің сіңірі тартқан кезде аяқты сирақтан төмен сыртқы жағынан қолыңызбен ұстап, оны тізеге бүгіп арқаға қарай тартыңыз. Егер қолыңыздың және аяғыңыздың сіңір тартуы басылмаса, амалдарды тағы бір мәрте қайталаңыз. Қосылған бұлшықеттің жұмысы сіңір тартудың басылуын тездететінін есте сақтаған жөн.

Суға шомылу кезінде шектеулер немесе тыйым салынатын бірқатар ауру түрлері бар. Мәселен, жүрек ауруы кезінде суға шомылғанда абай болу қажет. Осы аурулар кезінде температура күрт өзгеру салдарынан жүрек талмасы ауруына ұшырауы мүмкін. Естен тану сырқаты бар, құлақ ауруы бар адамдарға суға шомылумен әуестенуге болмайды. Әсіресе, құлақтың ішіне суық судың кіруі өте қауіпті. Суық су құлаққа кіріп, жарты иірім өзектерді түршіктіріп бас айналу, құсу, тепе-теңдіктің бұзылуына алып келуі мүмкін.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат»

Оқылды 343 рет