Ағымдағы жылдың 6 ақпанында Түркияның оңтүстігінде таңғы сағат төртте 17 км тереңдікте 7,8 баллдық дүмпулер тіркелді. Эпицентрінен жүздеген мильге созылған жер сілкінісінен кейін миллиондаған түріктер мен сириялықтардың өмірі түбегейлі өзгерді. Жер сілкіністерінің соңғы сериясы бүкіл әлемдегі елдерге әсер етті.
Жер асты дүмпулері көрші елдерде - Ирак, Израиль және Арменияда тіркелді. Сейсмикалық процестердің жандануы Кавказдың орталық бөлігінде — Солтүстік және Оңтүстік Осетия, Грузияда байқалды. Сол күні Алматыдан батысқа қарай 600 км жерде магнитудасы 5,4 балл болатын жер сілкінісі болды. Елдің кейбір аудандарында 2-3 баллдық серпіліс сезілді.
Әлем елдері өздерінде Түркиядағыдай жер сілкінісі болса не істейміз деп абдырап қалды. Осы орайда Шымкент қаласынң әкімі жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өткізу шешімін қабылдады. Шымкентте өткен жалпықалалық сейсмикалық жаттығуға барлық азаматтық қорғау қызметтері, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар, химиялық қауіпті нысандар, ауруханалар, білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты. Төтенше жағдайды алдын алу шарасы кезінде мекемелердің дайындығы мен міндеті пысықталды. Шартты түрдегі табиғи апатқа байланысты жедел штаб құрылып, оның жұмысына қала әкімі Мұрат Әйтенов жетекшілік жасады. Шартты түрде жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. “Кешенді шұғыл шаралар ең бастысы қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталады. Төтенше жағдай зарбадын алдын алу мақсатында қазір қала аумағындағы ескі үйлерді сейсмикалық аудиттен өткізу жұмыстары қолға алынып отыр. Зерделеу жұмыстарының қорытындысына сәйкес, сүрілуге жататын ғимараттарды анықтайтын боламыз. Қажет болған жағдайда орнына жаңа тұрғын үйлердің құрылысын бастаймыз” – деді М. Дүйсенбекұлы. Жер сілкінісі салдарынан шартты түрде жартылай қираған мекенжайға өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен 14 өрт сөндіру автокөлігі жеткізілді. Арнайы күштер шұғыл түрде барлау жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарды эвакуациялады. Тұрғын үйдің 6-шы қабатында шартты түрде шыққан өрт сөндіріліп, адамдар құтқарылды. Сейсмикалық жаттығулар күштік құрылымдардың дайындығын пысықтап, тұрғындардың зілзала кезінде іс-қимылдарын ширатуға, азаматтық қорғанысты күйшетуге мүмкіндік береді.