Шымкент: Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай үздік прозалық туындыларға байқау жарияланды

Шымкент қаласы әкімінің қолдауымен Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы мен Қазақстан Жазушылар одағы Шымкент қалалық филиалы бірлесіп «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Өркендей бер, өр елім!» деген тақырыпта үздік прозалық туындыларға байқау жариялайды.

Шымкентте Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Қазақиям – азат ұям» атты жыр мүшәйрасы өтеді

Үшінші мегаполисте 5-20 наурыз аралығында қала әкімінің қолдауымен Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы мен Қазақстан Жазушылар одағы Шымкент қалалық филиалы Шымкент «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» жалпыұлттық жобасы аясында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Қазақиям – азат ұям» деген тақырыпта жыр мүшәйрасын өткізеді.

Шымкент қаласының әкімдігі француз кәсіпкерлермен ынтымақтастық орнатпақ

Бүгін ҚР Франциядағы елшілігі және Францияның бизнес қауымдастығын біріктіретін «MEDEF International» бірлестігінің ұйымдастырған онлайн-вебинарында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаланың инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырды.