Шымкентте бұқаралық спорт қарқынды дамуда

ҚР Президентінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауындағы бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасына сәйкес, Шымкентте «Street Workout» көше спорты қарқынды дамып келеді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.








