Шымкент: Ұстаздардың тамыз кеңесі өтті

Шымкент қаласында педагогика саласы қызметкерлерінің онлайн тамыз конференциясы өтті. Жиынға қала әкімі Мұрат Әйтенов, қалалық мәслихаттың хатшысы Ғани Ташқараев, «NUR OTAN» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов, аудан әкімдері, ардагер ұстаздар және білім басқармасының, білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.

Түркістан мен Шымкент арасында меморандумға қол қойылды

Түркістан облысы мен Шымкент қаласының туризм басқармаларының басшылары Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өзара меморандумға қол қойып, екі жақты келісімге келді. Ондағы мақсаты — Түркістан облысы мен Шымкент қаласын біртұтас туристік бағыт ретінде одан әрі дамыту.

Шымкент: Конституция күні қарсаңында тұрғын үй кешені пайдалануға берілді

Қазақстан Республикасының Конституциясының 25 жылдық мерекесі қарсаңында Шымкент қаласында «Премьера» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Шымкент: «Еңбек» бағдарламасымен 600-ге жуық мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналасқан

Шымкент қаласында жыл басынан бері «Еңбек» бағдарламасы аясында 600-ге жуық мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналастырылды. Оның 279-ы тұрақты жұмысқа орналасқан болса, 12-і әлеуметтік жұмысқа, 190 азамат қоғамдық жұмыстарға, 80 азамат инфрақұрылымдық жұмысқа жіберілген, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Шымкент: Мобильді базалық станциялардың адам денсаулығына зияны жоқ

Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының мамандары мобильді базалық станциялардың адам денсаулығына зияны жоқ екенін айтып, тұрғындарға арнайы кәсіби мамандардың қорытындысы мен ресми дерек көздерге сүйенуге шақырды.

Шымкент: Көне қалашық туристік нысанға айналады

Шырайлы Шымкенттің тарихын зерттеуші ғалымдардың пайымдауынша қаланың жасы – 2200 жыл. Бұған қала аумағында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған көптеген құнды, көне жәдігерлер де дәлел бола алады.