Түркістан: Бас жоспар қаланы әлеуметтiк-экономикалық жағдайларды ескере отырып дамытудың ұзақ мерзімді перспективаларын айқындайды
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлына Түркістан қаласының Бас жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасы» таныстырылды. Бас жоспардың жобасы бойынша Түркістан қаласы Түркістан облысының облыс орталығы болып қайта құрылғаннан бері қала халқының саны 2018 жылы 165,0 мың адамнан 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 228,0 мың адамға дейін өскен. Есептік мерзімге Түркістан қаласының халық саны 2044 жылға дейін 400,0 мың адамға дейін өседі деп күтілуде.