Өмірзақ Шөкеев Мақтааралдағы мәселе бойынша Өзбекстанға аттанды

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен «Қазсушар» мекемесінің жауапты мамандары Мақтаарал ауданындағы су тасқыны мәселесін реттеу бойынша Өзбекстан Республикасының Сырдария облысына аттанды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов кезекті брифингте мәлімдеді. 

Өмірзақ Шөкеев: Халыққа жан-жақты көмектесеміз

Мақтааралдағы ағын суды ауыздықтау үшін күндіз-түні ауданда жүрген Өмірзақ Шөкеев Төтенше жағдай жөніндегі кезекті штаб отырысын өткізді. Өңір басшысы халыққа жан-жақты көмек беріп, тұрғындарға үлкен қолдау көрсету керектігін атап өтті.

Түркістандағы "Парасат" саябағы саялы баққа айналмақ

 

Түркістан қаласында көріктендіру, абаттандыру, құрылыс жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр және барлығы қала басшысы Рашид Абатұлының бақылауында. Соның бір айқын көрінісі - "Парасат" саябағы ерекше, көрікті, саялы баққа айналмақ,-деп хабарлайды Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бәйдібек аудан әкімі ауылдық округтерді аралауда

Аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков Алғабас, Ағыбет ауылдық округіне жұмыс сапармен барды. Бірінші кезекте Алғабас ауылдық округінің орталығы Шақпақ елді мекеніне кіре берістегі құрылысы жүргізіліп пайдалануға берілген көпірді, демеушілер есебінен соғылған спорт алаңшасы мен ауыл әкімі аппаратының ғимаратын көрді.

Түркістан: Апаттан келген шығын көлемі есептелуде

Мақтарал ауданында орын алған жағдайға байланысты 2243 азамат қауіпсіз аймаққа эвакуацияланды. Бұл туралы төтенше жағдайға байланысты өткізілген онлайн брифинг кезінде Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Н.Жүнісов мәлімдеді.