Түркістан: Жетісай ауданында ыңғайластырылған мектеп болмайды

Аудандағы жалпы орта мектептерде оқитын оқушылардың білім сапасын арттырып, әлемдік деңгейге көтеру мақсатында Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаевтың бастамасымен бұрынғы ыңғайластырылған ескі ғимараттар типтік үлгідегі заманауи білім ұяларымен алмастырылып жатыр.

Түркістан: Еріктілер індетке қарсы күш біріктірді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясына байланысты Елімізде төтенше жағдай енгізу туралы шешім қабылдаған болатын. Осыған орай, барлық аймақта блок-посттар құрылды. Бүгінде Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ және Түркістан қаласы полиция басқармасының ұйымдастыруымен қауіпсіздік жұмыстары күшейтілген түрде жұмыс жасауда.

Түркістан: Ардагерлерге арналған қайырымдылық шарасы өтті

Түркістан қаласында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры компаниялар тобының Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне көмек көрсету мақсатында жыл сайын жалғасын тауып келе жатқан «Жеңіс» әлеуметтік-қайырымдылық жобасы болып өтті.

Түркістан: Авариялық апатты жағдайды реттеу және қалпына келтіру жұмыстары жүруде

Түркістан қаласы I мөлтек ауданындағы №1 көпқабатты үйінде “Үйлерді басқару ОҚО” ЖШС “Басқарушы компаниясы” қысқа дайындық жұмыстарын бастап кетті. Қазіргі таңда көпқабатты үйлерді күтіп ұстау келісім шарты негізінде жылу маусымы аяқталғанына орай, авариялық апатты жағдайларды реттеу және қалпына келтіру жұмыстарымен айналысты.

Өмірзақ Шөкеев Президентке облыста коронавирусқа қарсы атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Президент Түркістан облысындағы коронавирус індетімен күрес жұмыстарының барысымен танысып, өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды күшейтіп, карантиндік шараларды барынша қадағалау жөнінде тапсырма берді.

Ордабасы ауданының әкімі Әліпбек Өсербаев өмірден озды

Түркістан облысының жұртшылығы, зиялы қауым ауыр қазаға душар болды. Саналы ғұмырын облыстың экономикасы мен әлеуметтік дамуына арнаған абзал азамат, Ордабасы ауданының әкімі Өсербаев Әліпбек Шәріпбекұлы 58 жастан асқан шағында мезгілсіз дүниеден озды.