Шымкент: Халықты жұмыспен қамту орталығы қашықтықтан жұмыс істеуге көшті

Коронавирустың таралуын болдырмау мақсатында Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы 26наурыздан бастап қашықтықта жұмыс жүргізу тәсіліне көшті. Ендігі кезекте азаматтарды жеке қабылдау, орталық қызметкерлерімен қолма-қол қандайда бір құжаттарды қабылдау тоқтатылғанын хабарлайды. 

Шымкент: Бетпердесіз немесе топтасып тұрған тұрғындарға шара көрілуі мүмкін бе?

Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының қызметкерлері еріктілермен бірлесіп, төтенше жағдайға байланысты профилактикалық жұмыстарды жүргізуді жалғастырып жатыр. 

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы қызметін уақытша тоқтатады

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!

Мемлекетте жарияланған төтенше жағдайға орай, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы 21 наурыздан 16 сәуірге дейін қызметін уақытша тоқтатады. 

Шымкент: Төтенше жағдайдың шектеуіне бағынбаған кәсіпкерлер қамауға алынды

Ел аумағында енгізілген төтенше жағдайға байланысты шектеулерге бағынбаған шымкенттік кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылып жатыр. Тіпті соңғы 3 күннің ішінде әкімшілік құқықбұзушылыққа жол бергендеріне 49 хаттама толтырылып, 3 кәсіпкер қамауға алынған. Арасында «Астер-авто» ЖШС-не тиесілі автосалонның директоры да бар. Маңызды ақпаратты Шымкент қаласы прокуратурасының аппарат басшысы мәлімдеді. 

Шымкентте ұн мен нанның бағасы бақылауда тұр

Шымкентте ұн қымбаттады. Салдарынан ас атасы нанның да бағасы өсті. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сату міндеті жүктелген «Грамад» дүкендерінде бөлке нан аптаның басынан бері 75 теңгеден сатылып жатыр. 

Түркістан әкімі Үндеу жасады

Мемлекетіміздің тарихында еш болмаған жағдайды кешудеміз, ағайын. Бұрын соңды бастан кешпеген шектеулер мен сақтық шаралары қолға алынып, талап етілуде, — деп жазады Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов өзінің инстаграм парақшасында.

Жетісайлық ұстаздар бес күндік демалыста 5 мың дана бетперде тіккен

Елде болып жатқан төтенше жағдай кезінде Жетісай ауданы білім бөлімі тарапынан ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 5000 дана бетперделер тегін берілді, деп хабарлайды Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Түркістан облысына өзге аймақтардан келгендер дәрігерлік тексеруден өтуі міндетті

 

Бүгінде пандемиямен күресте Түркістан облысы әкімдігі,  дәрігерлер мен құқық қорғау органдары жүйелі жұмыс атқаруда. Облыс бойынша профилактикалық және ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.

Түркістан облысында халықтың қауіпсіздігін сақтау мақсатында бірнеше автовокзал жұмысын уақытша тоқтатты

   Түркістан облысы аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауданаралық бағыттағы рейстің тең жартысы қысқартылып, өңірдегі бірнеше автовокзалдың жұмысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.