Елдің бөлінбес ынтымағы осындайда білінеді – жазушы Мархабат Байғұт
Қиыншылықты бірігу арқылы ғана жеңіп шығатынымыз аян. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, жазушы Мархабат Байғұт осындай пікірін жеткізді.
Қиыншылықты бірігу арқылы ғана жеңіп шығатынымыз аян. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, жазушы Мархабат Байғұт осындай пікірін жеткізді.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне бағынысты «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұжымы еліміздегі коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күреске біркүндік жалақыларын аударуға уағдаласты.

Елдегі жағдайға байланысты қауіпті дерттен қорғану құралдарын отырарлық кәсіпкерлер мен қолынан іс келетін ауылдың белсенді жастары тегін таратып жатыр.
Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Түлкібас ауаданында, халықаралық күре жол бойында орналасқан "Шақпақ" блок-посты үздіксіз жұмыс істеп тұр. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бекіткен «2020 жыл еріктілер» жылына орай және алда келе жатқан Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне байланысты Түлкібас ауданы әкімдігі, жергілікті кәсіпкерлер мен еріктілер ерекше іс-шара ұйымдастырды.

Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы 10 ірі мектепте шағын цех ашылды. Осылайша білім ұяларындағы еңбек пәні мұғалімдерінің көмегімен аудан басшылығы медициналық бетперде тігуді жолға қойды.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирус дертіне байланысты оңтүстікке кіріп-шығуды тәулік бойы қадағалау үшін ашылған арнайы жасақталған бекетте болды. Елдегі төтенше жағдайға байланысты ашылған арнайы бекеттің жұмысын тексеріп, тұрғындармен тілдескен аймақ басшысы облыс халқына арнайы мәлімдеме жасады.

Облыс әкімдігі мен «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының басшылығы өңірдегі кәсіпкерлер мен жауапты басқарма басшыларын жинап, кеңес өткізді. Түркістан облысы әкімі, партия филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеевтің қадағалауымен коронавируске қарсы күреске бағытталған іс-шаралары барынша күшейтілетін болады.

Түркістан облысының әкімдігі облыс аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша барлық қажетті медициналық, алдын алу және ұйымдастыру шараларын жүргізуде.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік комиссия отырысындағы қаулысы негізінде 20-шы наурыздан бастап барлық балабақшалар өз жұмыстарын уақытша тоқтатты. Бұған дейін олар штаттық режимге сәйкес жұмыс істеп келген.

Түркістан қаласының әкімі Рашид Абатұлы қалаға түнгі бақылау жұмыстарын жасады. Алдымен, қоғамдық көліктердегі залалсыздандыру жұмыстарының талапқа сай жүргізіліп жатқандығын бақылап, оларға орнатылған GPS құрылғыларының жұмысын көрді.