
Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығының волонтерлерінен құралған топ коронавирусты алдын алу шараларын ұйымдастыруға белсене ат салысып жүр.

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Созақ ауыл округіндегі ісмерлік тігін тігіп, нәпақасын тауып отырған, Жәмила Қанапина бір күнде 300 бетперде тігіп, ауыл тұрғындарына тегін таратты.

Бүгін «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен Түркістандағы «Қуаныш» орталық базарындағы азық-түлік бағасына мониторинг жүргізілді.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел аумағында COVID-19 коронавирусын пандемия деп тануына байланысты төтенше жағдай жарияланған болатын. Осыған орай, Келес ауданында да індеттің таралуына тосқауыл қою бойынша ұйымдастыру жұмыстары, алдын алу іс-шаралары қарастырылып, қызу жұмыстар атқарылуда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде төтенше жағдай жариялаған күннен бастап Мақтаарал ауданында Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі арнайы комиссия құрылып, коронавирустан сақтану шараларын бастап кетті.

Түркістан облысында коронавирустың таралуының алдын алу бойынша жан-жақты шара көріліп жатыр. Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі ППБқызметкерлері республикалық маңызы бар автожолдардарда қызметтік көліктерімен жұмылдырылып, жедел әрекет етуде.
ҚР Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Түркістан қалалық полиция басқармасының бастығы тағайындалды. Бұл қызметті полиция полковнигі Бауыржан Селтанов атқаратын болды.
Өткен жылы Түркістан облысының Созақ ауданын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 100 млн. теңге қаржы қаралып, Жаңатас қаласы бұрылысынан Шолаққорған елдімекеніне дейінгі магистральді газ құбыры мен АГТС құрылысы басталған болатын.

Түркістан қаласындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы тұрақты. Халық күнделікті тұтынатын тауарлардың бағасының жай-күйiн, сауда орындары мен базарлардағы азық-түлiк қорын бағамдау және санитарлық жағдайын қарау мақсатында облыс əкiмiнiң орынбасары М.Мырзалиев бастаған облыстық Кәсіпкерлік және сауда басқармасы, Бəсекелестiк қорғау департаментi, Түркiстан қаласы əкiмдiгi мен Тұрақтандыру қорының мамандарынан құралған жұмысшы топ Түркiстан қаласындағы бiрқатар нысандарды аралап шықты.