Түркістан облысында короновирусқа қарсы барлық шаралар қолға алынуда

 

Түркістан облысында коронавирус дертіне шалдыққан азаматтар жоқ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев хабарлады. Брифингке облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, Түркістан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов қатысты.

Түркістандағы жеткіншектерге арналған футбол спорт клубы болашақ аяқ доп шеберлерін жаттықтыруда

Былтырғы жылдың мамыр айынан бастап Түркістан жеткіншектерін кәсіпқой футболға баулитын спорттық клуб жұмысын бастаған. Қазір мұнда ақылы негізде 6 мен 15 жас аралығындағы болашақ аяқ доп шеберлері жаттығуда.

Сарыағаштық шаруалар бір жерден үш рет өнім алу ісіне бейім

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Жартытөбе ауыл округінде облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бір жерден үш рет өнім алу тапсырмасы ойдағыдай жүзеге асып келеді. Мұнда қазірдің өзінде жылыжай көлемі 300 гектарға жеткен. Шаруалардың басым көпшілігі бір жерден үш рет өнім алу ісіне бейім.

Түркістан: Келес ауданында 4 жолақты жол салынуда

  

  Түркістан облысының әкімі Ө.Е.Шөкеев Келес ауданына жасаған іссапары барысында Абай ауылының орталығынан өтетін «Жиззах-Гагарин-Жетісай-Киров-Абай-Сарыағаш-Жибек жолы» А-15 Республикалық маңызы бар автомобиль жолындағы, қоршауға дейінгі аралықты кеңейту жұмыстарын жүргізуді тапсырған болатын.

Түркістан: Мақтааралдық кәсіпкер табиғи таза шырын шығаруда

 

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Достық ауылдық округіне қарасты Гүлістан ауылының тұрғыны Данияр Дадаев мемлекеттің қолдаудың шарапатын сезініп, өз ісін бастаған жас кәсіпкерлердің бірі. Бүгінде қолға алған отбасылық бизнесі дөңгеленіп, бір ізге түсіп келеді.

Шардарада кәсіпкерлер «Қамқорлық» бағдарламасы аясында көпбалалы анаға баспана сыйлады

  

Түркістан облысы Шардара ауданында көпбалалы анаға баспана тарту етілді. Бұған дейін баспана тауқыметін тартып келген Қарлығаш Манаповаға ел азаматтары үш бөлмелі үйдің кілтін табыс етті.

Биыл сарыағаштық шаруалар ағын судан тапшылық көрмейді

  Биыл Сарыағаш ауданының шаруалары ағын судан тапшылық көрмейтін болады. Өйткені мұндағы каналдар кезең-кезеңімен бетондалып жатыр. Солардың бірі – Жібек жолы және Қабланбек ауылдық округтерін кесіп өтетін ұзындығы 18 шақырымды құрайтын «Қожахан» каналы.

Түркістанда жаңа ауыз су жүйесі іске қосылады

Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығы аумағында бой көтеріп жатқан ғимараттарға сапалы ауыз су жеткізу мақсатында заманауи су қоры жүйесінің құрылысы жүргізілуде. Ондағы барлық қондырғылар отандық өнімнен жасақталып жатыр. Аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев жаңа су жүйесінің құрылыс жұмыстарын бақылап, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді. Жоспар бойынша жаңа су құбырының құрылысы алдағы маусым айында толығымен іске қосылуы тиіс.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен «Жеті ата» қақпасына дейінгі ортағасырлық магистралды көшені зерттеу жұмыстары жүргізілуде

 

Ортағасырлық бас көшеде қолға алынған жұмысты ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі және «Қазқайтажаңарту» мекемесінің археологиялық тобы жүргізуде.