Түркістан: Ассамблея өкілдері шардаралық жастармен жүздесті
Қазақстан Халқы Ассамблеясы Түркістан облыстық филиалының мүшелері Шардара ауданына жасаған іс-сапары барысында «Шардара» колледжінде болып, жастармен жүздесті.
Қазақстан Халқы Ассамблеясы Түркістан облыстық филиалының мүшелері Шардара ауданына жасаған іс-сапары барысында «Шардара» колледжінде болып, жастармен жүздесті.
Кеншілер қаласы Кентау тек өндірісті аймақ қана емес, руханият мекені де. Қаратау тәжі атанған бұл қаладан қазақтың маңдайына біткен талай-талай танымал тұлғалар шыққаны белгілі. Ол үрдіс бүгінде сақталып келеді. Оған қаладағы рухани орталықтар мен кітапханалардың да әсер еткені анық. Өйткені, мұнда ғибарат алар мекендер жетерлік және ең ерекше кітапхана да осында орналасқан.
Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында семинар-тренинг өткізді. Онда мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша ҚР заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар айтылды. Сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде тапсырыс берушілер жиі жол беретін заң бұзушылықтар атап өтілді. Қызметкерлер арасында туындайтын сұрақтар талқыланды.
Түлкібастық көпбалалы аналар мемлекет қолдауына иек артып, мал асырап жан бағуда. Әсіресе, өз арбасын өзі сүйрейтін еңбек адамдары үшін бұл - жақсы мүмкіндік. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, 4 балалы аналар жыл соңына дейін миллион теңгеден астам қаржы алады. Бұл бағытта қазір жан-жақты жұмыс жүріп жатыр.
Бизнес биігінен көрінген нәзікжандылар қатары күн санап артып келеді. Әсіресе ауылды аймақтарда іскер әйелдердің қарасы қалың. Себебі, мемлекеттен қолдау мол. Бір ғана Мақтарал ауданының өзінен жыл басынан бері 680 азамат кәсіптік сауатын ашқан. Бүгінде мелекеттік бағдарлама аясында 235 жоба қаржыландырылған.
Арыс қаласындағы апаттан зардап шеккен үйлердің құрылысы әлі де жалғасып жатқаны белгілі. Сүріліп қайта салынған кезекті баспананы ақтөбеліктер Кенжебековтар отбасына табыстады. 16 миллион теңгеге тұрғызылған үйге қоныстанғандардың қуанышында шек жоқ.
«Nur Otan» партиясының бастамасымен қолға алынған «Менің туым – менің Отаным!» акциясына бәйдібектіктер де қолдау білдірді. Аудандық ішкі саясат және «Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен шарада ұлттық болмысымыз бен рухымызды асқақтатты.
Татулықты ту еткен «Достық керуенi» Шардарада жалғасын тапты. Аудандық ҚХА өкілдері жастармен кездесіп, ұлтаралық татулық пен бірліктің маңыздылығын насихаттады. Акция аясында аудандағы колледжде арнайы «Шығыс базары» атты iс-шара ұйымдастырылды.
Мал дәрігерлік қызмет салғырт қарайтын сала емес. Осыны ескерген Бәйдібек ауданының ветеринар мамандары малдарды тоғыту, екпе егу жұмыстарына белсенділік танытуда.
6 желтоқсан – прокуратура күні мерекесіне орай, құзырлы орган қызметкерлері арасында шағын футболдан жарыс басталды. Сайысқа 8 команда қатысып, бақтарын сынап жатыр.