Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуымен құттықтады
ҚАДІРЛІ ҚАЗАҚ ЕЛІ! ҚҰРМЕТТІ ТҮРКІСТАНДЫҚТАР!
Сіздерді Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуымен құттықтаймын.
ҚАДІРЛІ ҚАЗАҚ ЕЛІ! ҚҰРМЕТТІ ТҮРКІСТАНДЫҚТАР!
Сіздерді Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуымен құттықтаймын.
Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Төле би» фильмінің таныстырылымы ұйымдастырылды. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Түркістан облыс әкімдігінің қолдауымен түсірілген фильмнің тұсаукесері көпшілікке ұнады.
Төлеби ауданы Қасқасу ауылдық округінде «Көктөбе» жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты өтті. Табиғат аясындағы демалыстарын асыға күткен балалар лагердегі күндерін жақсы көңіл-күймен бастап кетті.
Сарыағаш ауданында медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Өңір басшылығы ақ желеңді абзал жандарды мерекемен құттықтап, сала ардагерлері мен білікті дәрігерлерге «Алғыс хат» табыстады. Мәдениет үйінде өткен шарада адам жанының арашашысы саналатын мамандық иелерінің еңбектері дәріптелді.
Қос жанары нашар көретіндер спорттың 5 түрінен бақ сынасты. Жыл сайын жалғасын тауып келген облыстық жарыстың биыл ауқымы кеңейген. Қатысушылардың қатары артқан.
«TURKISTAN – JASTAR FEST!» Осындай атаумен Түркістан қаласында жазғы фестиваль өтті. Шара Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай және жазғы маусымда жастардың бос уақытын тиімді өткізуге арналды. Шығармашылық және спорттық бағыттарды қамтыған мерекелік шараның өтуіне «Жастар ресурстық орталығы» ұйытқы болды.
Бүгін алтыншы шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс қырық жетінші сессиясы өтті. Оған қаладан сайланған 13 депутат қатысты.
Түркі дүниесінің алтын бесігі, әлемге әйгілі, қасиетті де киелі, күллі түркі жұртының тарихи, рухани астанасы – Түркістан қаласының облыс орталығы мәртебесін алуына және Келес ауданының қайта құрылуына бір жыл толуына арналған «Туған жерім – тұғырым» атты гала-концерт өтті.
Қарағанды қаласында – найза лақтырудан, Ақтөбе қаласында – самбо күресінен және Қызылорда қаласында дзюдо күресінен жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан Республикасы чемпионатында жерлестеріміз жүлделі үшінші орынды иемденіп, қола медаль еншілеген болатын.
Түркістан қаласындағы «Жастар ресурстық орталығында» «TÚRKІSTAN» фотоөнер орталығы ашылды. Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасының бастамасымен қолға алынған бұл орталықта еліміздегі белгілі фотограф, «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылхан Әбдірайымұлы жастарға дәріс оқып, мамандықтың қыр-сырын үйретеді. Аталған орталықтың ашылу салтанатына облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев пен республикалық және өңірлік БАҚ басшылары мен өкілдері қатысты.