Түркістан облысын дамытуға жастардың да тың жобалары үлес қосады

Түркістан облысын дамытуға арналған жас мемлекеттік қызметшілер әзірлеген үздік жобалар әкімдік тарапынан толық қолдау табатын болады. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жинында өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді. 

Түркістан облысы: Төлеби ауданы әкімдігі тіл тазалығы мен сауаттылықты ретке келтіруде

Төлеби аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен қала, ауылдық округтердегі көшелердің көрнекі жерлерінде, ғимараттарда, мекемелерде жазылған атаулардың, жарнамалардың қазақ тілінде дұрыс жазылуын сараптау, түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 2019 жылы маусым айының 11-20 аралығынданасихат топ мүшелерімен бірге аудандық акция өткізу кестесі құрылған-ды. 

Түркістан облысында 1000 гектарға жуық жылыжай бар

Түркістан облысы Сарыағаш ауданына баспасөз туры ұйымдастырылды. Сапар аясында БАҚ қызметкерлері Сарыағаш ауданындағы «Занджанижад» шаруа қожалығы мен «Измир Сарыағаш» ауыл шаруашылығы кешенінің жұмысымен танысты. 

Түркістан облысы: төлебилік тұрғындардың жол инфрақұрылымына шағымы азаяды

Төлеби ауданында жыл өткен сайын халықтың әл-ауқаты жақсарып, түйткілді мәселелер шешімін тауып келеді. Соның ішінде жол мәселесі де – тұрақты назарда. Әр жылы қала, ауылдық округтердің көшелері асфальттанып, жолдары жөндеуден өтуде. 

Түркістан облысындағы экспорттаушыларға қолдау күшейеді

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев жұмыс сапарымен Кентау қаласында, Бәйдібек және Ордабасы аудандарында болды. Сапар барысында ол индустриялық және туристік нысандарда болып, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысымен танысты, сондай-ақ мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша әкімдердің есептерін тыңдады. 

Түркістан облысы: «Ұлы дала елі» орталығының құрылысы 2020 жылы аяқталады

Облыс орталығына айналғанына бір жыл болған Түркістан қаласы үшін 2019 жыл тек «Жастар жылы» ғана емес, құрылыс атаулының да қызған шағы. Құдды бір құрылыс жылы дерсіз. Алып құрылыс алаңына айналған облыс орталығында еліміздегі ірі құрылыс компаниялары киелі шаһарды түлету жолында күндіз-түні тер төгіп жатыр.