Super User

Super User

Түркістан облысы: Қазығұрт – озат аудандар қатарында

Түркістан облысында "ALTYNKÚZ-2019" мерекесі мен ауыл шаруашылығы қызметшілері күні жоғары деңгейде аталып өтті. Мерекелік шараға ауыл шаруашылығы еңбеккерлері мен шаруа қожалық төрағалары, депутаттар мен аудан, қала әкімдері қатысты. 

Түркістан облысы орталығында 2023 жылға дейін 4 миллионнан аса көшет отырғызылмақ

Түркістан қаласының экологиялық ахуалын тұрақтандыру және қолайлы климат қалыптастыру мақсатында облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен апта сайын сенбілік өтетіні белгілі. Осы орайда облыс орталығы 32 секторға бөлініп, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жүруде. Кезекті сенбілік өткізуге облыстық Қоғамдық даму басқармасы, "Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиалы мен үкіметтік емес ұйымдар және ерікті жастар бастама көтерген болатын. 

Түркістан облысы: Елбасының сыныптасы мақтааралдық жастармен кездесті

Мақтаарал аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ мен аудан орталығы Мырзакент кентінде орналасқан Пушкин атындағы жалпы орта мектебінің ұйымдастыруымен 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сыныптасы Рауза Мәтеқызы Төлемісовамен кездесу болды. Кездесуге “Nur Otan” партиясы Мақтаарал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Досым Асабаев пен аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ басшысы Сүндет Кенжебаев, кенттер мен ауылдық округтердегі жасақталған өзін-өзі басқару орталықтарының жастары, еріктілер клубының мүшелері мен сан салада жетістіктерге жетіп жүрген жас мамандар, этномәдени орталықтарының үздік жастары мен оқу озаттары, “Жас Отан” жастар қанатының мүшелері қатысты. 

Түркістан облысы: Жетісай қаласына – 50 жыл!

Жетісай – ел шетінің айбары мен берекенің қайнары болған аймақ. Бүгінде Мырзашөлдің жүрегіне айналған бұл қалаға 50 жыл толып отыр. Қала жұртшылығы жарты ғасырлық мерейтоймен қатар «Алтын күз» мерекесін де дүркірете тойлайды. Сондай-ақ, бұл күні талай- талай таланттың бағын ашқан «Мырзашөл жұлдыздары» атты ән байқауы да болып өтті.

Осы RSS каналға жазылу