Түркістан облысы: Кентау қаласына қарасты Жүйнек ауылында жылыжай көлемі артты
Түркістан облысында агроөнеркәсіп саласы қарқынды дамып келеді. Мысалы, Кентау қаласына қарасты Жүйнек ауылында жылыжай көлемі артқан.
Түркістан облысында агроөнеркәсіп саласы қарқынды дамып келеді. Мысалы, Кентау қаласына қарасты Жүйнек ауылында жылыжай көлемі артқан.
Түркістан облыстық Бекзат Саттарханов атындағы дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернатына спорттың 10 түрі бойынша емтихан қабылдау басталды. Атап айтсақ, бокс, грек-рим, еркін күрес, дзюдо және қазақ күресі мен таэквондо, каратэ және футбол мен жеңіл атлетика, ауыр атлетика спорт түрлері бойынша сынақ емтихандарын өткізетін болады.
Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев және аудан әкімінің орынбасары Серік Қарақұлов Ошақты ауылдық округі Ошақты және Жетітөбе елді мекендерін бөліп тұратын, Саңырау су түсіргісінің үстіндегі «КХ-72-Ошақты-Жолбасшы-Ораз ата» автомобиль жолының 0+350 шақырымдағы көпір құрылысының барысымен танысты.
Мал шаруашылығы саласын дамытудың негізгі көрсеткіштері мал басы мен мал шаруашылығы өнімдерін ұлғайтуға және асыл тұқымды мал басының үлесін арттыруға бағытталған. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, қаңтар-маусым айларында Ордабасы ауданында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі – 12 млрд. 951 млн. 500 мың теңгені құрап, 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1 млрд. 537 млн 500 мың теңгеге артты.