Түркістан облысы: Төлеби ауданының орталығы жаңаша кейіпке енді
Төлеби ауданының орталығы Леңгір қаласы абаттандырылып, жаңаша кейіпке еніп келеді. Бұл өз кезегінде қала тұрғындары мен қонақтары үшін қуанышты жағдай екені айтпаса да түсінікті.
Төлеби ауданының орталығы Леңгір қаласы абаттандырылып, жаңаша кейіпке еніп келеді. Бұл өз кезегінде қала тұрғындары мен қонақтары үшін қуанышты жағдай екені айтпаса да түсінікті.
Құрылғанына енді ғана бір жыл болған Мақтаарал ауданы құрылыстың ордасына айналып үлгерді. Қазір аудан орталығы Мырзакент кентінде жүргізіліп жатқан абаттандыру, жарықтандыру жұмыстары мен жол, аяқжол құрылыстары сөзіміздің айқын дәлелі болмақ.
Шілде айының 27-28 күні Нұр- Сұлтан қаласында грепплингтен «ASIA OPEN» Халықаралық жарысы өтті. Айтулы жарысқа әлемнің 6 елінен Ресей, Үндістан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстан елінен 600 тарта спортшы қатысты. Байрақты бәсекеде облыс, аудан намасын қорғаған Мыңжасар Алпамыс, Болат Жолшыбеков, Ұласар Мұқаш, Абзал Саттар тұғыр бигінен көрініп, жарыстың жүлдегері мен жеңімпаздары атанды.
Төлеби ауданына қарасты Тасарық елдімекенінің орталық клубында аудан басшысы мен округ тұрғындарының қатысуымен жиын өтті. Аудан әкімі Тасарық ауылдық округіне қарасты бірнеше мекемелердің жұмысымен танысты. Бірінші кезекте жеке кәсіпкер С.Танабаевтың 18,6 га жүзім бауы мен 15 га сарымсақ бауының жұмысынан бастады. Кәсіпкер 30 690 дана тайфи жүзімін егіп, тұрақты 10 адамды, маусымдық жұмыста 100 адамды қамтамасыз етіп отыр.