Арыс қаласында қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүруде
Арыс қаласындағы Қостанай облысы мен Сарыағаш ауданына қарасты 16 - секторда қарбалас тіршілік. Жұмыс қыз-қыз қайнауда. Қауырт жұмыстар қолға алынуда. Айта кетейік, Арыс қаласында бүгінгі таңда 8408 жеке тұрғын үй бар. Соның 1105 - көпқабатты үй. Қырық мыңнан астам тұрғыны бар қаладағы қалпына келтіру жұыстары 7597 жеке тұрғын үй мен 78 көпқабатты үйлерде жүргізілуде.