Отырарлық диқандар бидайдан мол өнім жинап жатыр
Отырар ауданы, Қарғалы ауылында бидайға орақ салу науқаны басталды. Биыл 60 гектар алқапқа егілген бидайдың өнімділігі жоғары.
Отырар ауданы, Қарғалы ауылында бидайға орақ салу науқаны басталды. Биыл 60 гектар алқапқа егілген бидайдың өнімділігі жоғары.
Түркістан облысында 2026 жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің оң динамикасы сақталды. Есепті кезеңде негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша жоспар толық орындалып, өңір экономикасының тұрақты өсімі қамтамасыз етілді. Қысқа мерзімді экономикалық өсім 124,1%-ды құрап, бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы республикада көш бастады.
Шымкент қаласында жаңа оқу жылы басталып, 405 мыңға жуық оқушы мектеп партасына отырды. Олардың ішінде шамамен 29 мыңы биыл алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер. Оқу жылының басталуына орай қала мектептерінде білім күніне арналған салтанатты іс-шаралар ұйымдастырылып, оқушыларға жаңа оқу жылында сәттілік тілектері айтылды.
Түркістан облысы, Сайрам ауданында «Манкент» теміржол вокзалының ғимаратын реконструкциялау жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Нысанды жаңарту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздегі 124 теміржол вокзалын реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі ауқымды бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.