Түркістан облысы: шегірткеге қарсы күрес бойынша 65 секторда жалпы 290 техника мен 74 су тасымалдайтын көлік жұмыс істеуде
Түркістан облысында шегірткеге қарсы бүгінгі күнге дейін 325,09 мың гектар аумақ зерттеліп, оның 86,23 мың гектарында зиянкестің экономикалық зиян шегінен (ЭЗШ) асқаны анықталды. Қазіргі таңда 65 секторда жалпы 290 техника мен 74 су тасымалдайтын көлік жұмыс істеуде.