Шымкентте жасанды интеллект көмегімен 11 саябақ арасында спорттық бәсеке өтеді
Шымкент қаласында тұрғындарды бұқаралық спортқа тартуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған жаңа жоба қолға алынады. «SHYMKENT PARK LEAGUE» деп аталатын спорттық лига аясында қаланың 11 саябағы өзара бақ сынап, тұрғындар арасында түрлі спорттық челлендждер ұйымдастырылады.