Super User

Super User

Түркістан облысы: жетісайлық түлектер ауылына ойын алаңшасын салып берді

Түркістан облысы Жетісай ауданында әлеуметтік маңызы бар игі жоба жүзеге асты. Ж. Ералиев ауылдық округінде «Дәуір» жалпы орта мектебінің 2006 жылғы түлектері ауыл тұрғындарына балалардың ойын алаңшасын сыйға тартты. Оқу жылының аяқталуы қарсаңында пайдалануға берілген нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Серік Мамытов, аудандық мәслихат депутаттары Олжас Қаныбеков пен Сұлтан Әбдіғаппарұлы, ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысты.

Түркістандағы «Достық үйінде» «Қожа Ахмет Ясауи және оның рухани мұрасы» атты республикалық конференция ұйымдастырылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтай отырысында «Түркістанды Ясауисіз елестету мүмкін емес. Әйгілі ғұлама тұтас түркі дүниесінде ислам дінінің орнығуына зор үлес қосты. Ясауиден бастау алатын қазақ жеріндегі рухани сабақтастық қазірге дейін үздіксіз жалғасып келеді. Осы орайда ғұламаның еңбектерін жан-жақты зерттеп, дәріптеу маңызды» деп, ғұламаның мұраларын зерттеп, дәріптеуді тапсырған болатын. Маңызды тапсырма аясында Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» «Қожа Ахмет Ясауи және оның рухани мұрасы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жоғары деңгейде өтті. Іс-шараны Түркістан облысының әкімдігі ұйымдастырды.

Түркістан облысы: Ордабасы ауданында жаңа инвестициялық жобалар іске асырылуда

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек Ордабасы ауданына арнайы жұмыс сапарымен келіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалардың барысымен танысты. Жұмыс сапары барысында облыс әкімінің орынбасары бірқатар өндірістік нысандарды аралап, олардың іске асырылу барысын зерделеді.

Түркістанда өткен жалпықалалық сенбілікке 2 мыңға жуық адам қатысты

«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында «Жасыл болашақ» іс-шаралар жоспарына сәйкес Түркістан қаласында жалпықалалық сенбілік өтті. Тазалық шарасына қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қатысып, қала аумағын көркейту жұмыстарына белсене атсалысты. Сонымен қатар сенбілікке қала тұрғындары, қоғамдық ұйым өкілдері, ақсақалдар, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар ұйымдары, мәслихат депутаттары және түрлі сала мамандары қатысты. Тазалық шарасына 2 мыңға жуық адам жұмылдырылды.

Осы RSS каналға жазылу