Шымкент: Мүгедектікке шыға алмай жүргендер аманаттықтардан көмек сұрады

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды Бірыңғай тақырыптық қабылдау» акциясы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы Руслан Тұңғышбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, оларға тиісті көмек көрсетті.

Шымкент: "Жасыл ел" маусымының ХХ-шы маусымы жабылды

Шымкент қаласында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының ХХ-шы маусымы жабылды. Оған өңірдегі белсенді жастар жиналды. «Таза Қазақстан» акциясына жұмыла қатысқан «Жасыл ел» жасағының жастары әр түрлі номинация бойынша марапатталды. 2005 жылдан бері өткізіліп келе жатқан бірегей жоба жастарды еңбекке араластыру арқылы табиғатты күтіп баптауға баулиды.

Шымкентте 800-ге жуық адам «Күміс жас» бағдарламасы арқылы жұмысқа жолданды

Шымкент қаласында мемлекеттік «Күміс жас» бағдарламасы аясында жұмысқа орналасқан азаматтар жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізіп, қоғамның дамуына өз үлестерін қосуда. Бұл жоба зейнеткерлік жасқа жақындаған, бірақ әлі де белсенді еңбек ете алатын адамдарды қолдауға бағытталған.

Отырар ауданы: аналарға алтын алқа табысталды

Бүгін аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы аудандағы көпбалалы аналарды қабылдап, құрмет көрсетті. Аналар алдында сөз алған аудан басшысы аналардың өмірдегі рөлі мен жас ұрпақ тәрбиелеуде жасаған еңбектеріне құрмет көрсетіп, алғысын білдірді.

Отырар ауданы: еңбеккерлердің «Алтын күз -2024» мерекесі өтті

Бүгін аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен дала еңбеккерлерінің «Алтын күз - 2024» мерекелік шарасы өтті. Шәуілдір ауылындағы орталық алаңда өткен шараға аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы қатысып, аудан шаруаларын мерекемен құттықтады.