Түркістан: салықшылар ашық есік күнін өткізді
Елімізде салық төлеушілерді бір жүйе бойынша жалпы тізімге ендіру қажет. Сонда қазынаға түсетін қаржы көлемі ұлғаяды. Ол үшін барлық жеке кәсіпкерлер фискалды чек беретін құрылғыны сатып алулары керек. Түркістан облыстық мемлекеттік кірістер департаменті осы мақсатта облыс базарларында ашық есік күнін өткізуде. Кезекті шара Түркістандағы «Қуаныш» базарында өтті.