Түркістан: шардаралық бүлдіршіндер жеңімпаз атанды

«Хан-Назар» ІІ Республикалық балалар фестивалінде шардаралық бүлдіршіндер жеңімпаз атанды. Шардара қаласы «Абай» мәдениет үйінде «Балақай» балалар қорының ұйымдастыруымен өткен «Хан-Назар» ІІ Республикалық өнер сайысына 4-17 жас аралығындағы балабақшалар мен мектептер, мектептен тыс мекемелерден 100-ден астам жас өнерпаздар қатысты.

Түркістан облысы: жылыту маусымындағы сақтық шаралары түсіндірілді

Түркістан облысында өрт жағдайы бүгінгі таңда былтырғы жылмен салыстырғанда 30 пайызға өскен. Бұл туралы Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Н.Жүнісов мәлімдеді.

Түркістан облысы: «Жас кәсіпкер» жобасының ең жас түлегі өз кәсібін ашты

Түркістан облысы, Арыс қаласының тұрғыны Жанна Кемелбекова «Жас кәсіпкер» жобасына қатысып, бүгінде өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Жанна Кемелбекова Арыс қаласының тұрғыны. Жасы небәрі 18-де. Бойындағы тігін өнеріне деген бейімділігі мен табандылығымен кәсіперліктің қыр-сырын меңгеру мақсатыныда «Жас кәсіпкер» жобасына қатысып,бизнес-жоспарын сәтті қорғап, грант иегері атанды. Қазір Жаннаның автокөлік жабындыларын тігетін өз ательесі бар.

Түркістан облысы: Арыс қаласында 100 отбасы баспаналы болды

Арыс қаласында қайырымдылық қордың есебінен бой көтерген «Баламекен» шағынауданынан 100 отбасы жаңа баспанаға ие болды. Салтанатты шараға қатысқан Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов және Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетов пен «Верный Капитал» компаниялар тобының бас директоры Ерлан Оспанов жаңа қоныс иелеріне кілттерін табыс етті. 

Түркістанда көпбалалы отбасылардан шыққан стундеттерге стипендия тағайындалды

Түркістан жоғары медицина колледжінде көпбалалы отбасылардан шыққан студенттерге атаулы стипендия тағайындалды. Оқу орнын үздік оқитын екі жас оқу жылында өз стипендияларынан бөлек 16 мың теңгеден шәкіртақы алып отырады. Бұл шара елімізде жарияланған Жастар жылына орай ұйымдастырылып отыр.

Түркістан облысында әлеуметтік нанның орташа бағасы 71,5 теңге

Түркістан облысы бойынша әлеуметтік нанның орташа бағасы - 71,5 теңге көлемінде. Ал Түркістан қаласында арнайы дүкендерде 75 теңгеден сатылуда. Бұл туралы арнайы рейдтік шара аясында облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Нұрлан Байғұт мәлімдеді.

Түркістан облысы: Мақтаарал ауданының халықты жұмыспен қамту орталығының директоры марапатталды

Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Асия Темірбаева "Мақтаарал ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ-ның директоры Әділ Джумадиллаевты алғыс хатпен марапаттады. 

Түркістан облысында әлеуметтік нан бағасы көтерілмейді

Түркістан облысында 1-сұрыпты ұннан жасалған әлеуметтік нан бағасының көтерілуіне жол берілмейді. Өңірде әлеуметтік нан бағасының өсуіне қарсы жүйелі шаралар жүзеге асуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында қаладағы сауда орындары мен наубайхана өкілдерінің қатысуымен «Түркістан» ӘКК АҚ тұрақтандыру қорының шұғыл жиналысы өткізіліп, бағаның көтерілуіне жол бермеу шаралары талқыланды.