Түркістан облысының 35 мыңға жуық тұрғыны газбен қамтылды
Түркістан облысында ағымдағы жылдың тек мамыр-маусым айларында ғана облыс көлеміндегі 34 мың 847 тұрғыны бар 30 елді мекен табиғи газ жүйесіне қосылғанын атап өткен жөн.
Түркістан облысында ағымдағы жылдың тек мамыр-маусым айларында ғана облыс көлеміндегі 34 мың 847 тұрғыны бар 30 елді мекен табиғи газ жүйесіне қосылғанын атап өткен жөн.
Түркістан облысының Бәйдібек ауданындағы Жамбыл ауылына газ берілді. Салтанатты шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Бақытбек Танагөзов жамбылдық тұрғындардың қуанышымен бөлісті.
Соңғы жылдары түрлі салада семинар өткізу сәнге айналып бара жатыр. Әсіресе, мұғалімдерге арналған семинарлардың санынан жаңыласың. Таяуда Отырар ауданында мұғалімдерге арналған сондай сансыз семинарлардың бірі өтіпті. Денешынықтыру пәнінің мұғалімдеріне арналған екен. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Халықаралық спорттық медицина және оңалту институтымен бірлесіп өткізген.
Шымкент қаласында үшемдерді дүниеге әкелген көпбалалы ана Фозила Досметоваға шаһардың орталығынан 3 бөлмелі пәтерді жалға алуға демеушілер тарапынан көмек көрсетілді. Бұл туралы «shymkent.gov.kz» сайтына сілтеме жасап, «AQ-QARA.KZ» ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ондағы 7 қабатты көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындарға «7-20-25» бағдарламасы бойынша бұйырды. Яғни Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандықтарды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған жаңа бағдарламасын іске асыру аясында жүзеге асып отыр.
Қабылдауға келген азаматтар білім беру ұйымдарындағы еңбек қатынастарына қатысты, ауыз су, жол мәселелері жөнінде өз өтініштерін жеткізді. Аудан басшысы азаматтардың өтініш-шағымдарын тыңдап, бірқатар мәселелердің шешілетіндігін тілге тиек етіп, ал бірқатары бойынша тұрғындарға шешімнің заңды жолдарын түсіндіріп, орындау бойынша тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.
Келес ауданының Біртілек ауылдық округінде орналасқан Т.Бегманова жалпы орта мектебінің думан залында Түркістан облысы Өзбек этномәдени бірлестігі, Келес ауданы Өзбек этномәдени бірлестігі кеңесінің мүшелері халықпен кездесіп, арнайы жиын болып өтті.
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай Мақтаарал ауданында 7 мыңнан аса ағаш көшеті отырғызылды. Аудан әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен ұйымдастырылған көгалдандыру іс-шарасына барлық мемлекеттік қызметкерлер атсалысқанын айта кетейік.