Сейсенбі, 15 Сәуір 2025 08:36

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТА ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАР КҮМІС ЖӘНЕ ҚОЛА МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Астана қаласында 9–11 (12) сынып оқушыларына арналған «Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық ғылыми байқау өтті. Еліміздің барлық өңірлерінен, сондай-ақ Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінен 116 оқушы қатысқан іс-шарада оқушылар төрт негізгі секция бойынша жобаларын қорғап, зерттеушілік қабілеттерін көрсетті. Олар: ғарыштық техника және инфрақұрылым, ғарыштық биология және медицина, күн жүйесі және оның зерттелуі бағыттары болды.

Шымкент қаласынан қатысқан 4 дарынды оқушы халықаралық аренада жоғары нәтижеге қол жеткізді. Күміс жүлдені (II орын) Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған IT лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Әсел Мұратбек, №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Аруна Абылқасым жеңіп алды. Қола жүлдеге (III орын) А. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Алина Есенгелдиева және №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Дастан Рақыманберді ие болды. Сонымен қатар, №1 Дарынды балаларға арналған IT мектеп-интернатының оқушысы Әсел Мұратбек Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректорлық грантының иегері атанды.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 53 рет