Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасы "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ дінтанушы-теолог маманы Ж.Жорабек, ішкі саясат бөлімінің бас маманы М.Құлымбетов, аудандық "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің мамандары және аудандық "Қоғамдық келісім" КММ маманы Н.Оспанов, мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысты.
Еліміз зайырлы қағидатын ұстанатын мемлекет. Елімізде осы уақытқа дейін орын алған түрлі діни ағымдардың іс-әрекеттері кеңінен түсіндіріліп, олардан сақтану жолдары насихатталды. Ынтымағы жарасқан елімізді баға жетпес байлығы – тұрақтылықты, бірлікті, татулықты сақтау әрбір азаматтың асыл мұраты, парызы екендігі ақиқат. Сондықтан еліміздің ертеңі болар жас ұрпақты отансүйгіштікке, білімді қылып тәрбиелеу еліміздің басты ұраны. Еліміз әрбір жанға бірдей жағдай жасап, тыныштықта өмір сүруі үшін көптеген жұмыстар атқаруда. Осыны әрбір жан ұғыну керек. Отаным деп қабылдаған әрбір жан осыны көкейден шығармай, елімізге адал қызмет етуі тиіс. Бізде бір ғана отан бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан!
Жиын соңында оқушылар өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан нақты жауаптарын алды.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат