Дүйсенбі, 04 Наурыз 2024 13:26

Отырар ауданы: Орталық сайлау комиссиясының төрағасы аудан жастарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Отырар ауданына арнайы жұмыс сапарымен келіп, аудан жастарымен кездесті. Кездесу барысында сайлау комиссиясының жұмыс жоспарымен таныстырып, елімізде өтіп жатқан сайлауларды әділ және ашық өткізу жөніндегі ұсыныстарымен бөлісті.

Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайында өткен кездесуде аудан жастары еліміздегі саяси науқан сайлау төңірегінде көптеген сұрақтар мен ұсыныс пікірлерін жолдап, оған лайықты жауаптарын алды.

Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов аудандағы сайлау учаскелерінің материалдық-техникалық базасы, құрал жабдықтармен қамтамасыз етілуі, сайлаушылар тізімдерімен жұмыстың жүргізілуі жөнінде баяндады.

Кездесуде жас ақын Нұрғали Сердалиев өзінің арнау өлеңін оқып, өлеңдер жинағын төрағаға тарту етсе, музей қызметкері, қолөнер шебері Жанболат Оралбайұлы саздан жасалған керамикалық бұйымдарының жасалу жолдарымен таныстырып, болашақтағы жоспарларымен бөлісті.

Жастардың белсенділігіне ризашылығын білдірген Нұрлан Мәжитұлы әрбір істе осындай жастардың үлесі мол болу керектігін сөз етті. Ол жастарымызға елімізге деген сүйіспеншілікті арттыру керектігін, қоғамдық өмірден тыс қалмау, яғни "Сөзіңмен мазалама, ісіңмен көрсет" деген қағиданы ұстану қажеттілігін атап өтті. Сондай-ақ, аудан жастарын алдағы саяси науқандарға белсене қатысуға шақырды.

Нұрлан Әбдіров кездесуден соң аудандық аумақтық сайлау үйінде болып, комиссия мүшелерімен кездесті. Кездесу барысында Демократиялық қоғамда сайлау мемлекеттік жүйенің тиімділігін арттыратынын айта келе, бүгінде елімізде барлық азамат үшін тиімді, бәсекеге қабілетті және халық үніне құлақ асатын мемлекеттік аппаратты құруға бағытталған ауқымды шаралар қабылданып жатқан жеткізіп, комиссия құрамын бірқатар міндеттер жүктеді.

Айта кету керек, Отырар ауданы бойынша 1 аумақтық, 40 учаскелік сайлау комиссиялары құрылған. Отырар аудандық мәслихатының 27.12.2023 жылғы №11/64-VIII шешімімен сайлау комиссияларының құрамы толығымен қайта жасақталған. Қазіргі таңда сайлау учаскелерінде жалпы саны 400 мүше, 29023 сайлаушылар бар.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 356 рет