Дүйсенбі, 04 Наурыз 2024 15:31

Сауран ауданының әкімі еркін форматта жастармен кездесті

Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров «Қамқорлық» орталығында ауданның белсенді, өнерлі, спортшы жастарымен кездесіп, пікір алмасты.

«Бүгінгі сіздермен арнайы кездесіп, ерін форматта жүздесіп отырмын. Жастардың бойынан тың идеяларын тыңдап, оларға әрдайым қолдау көрсетуге әзірмін. Бүгін сіздерден тың идеялар мен ұсыныстар шығатынына сенімім зор. Сондықтан қоғамда «Жастар - қоғамның қозғаушы күші» екенін айтқым келеді. Ауданның «Жастар ресурстық орталығының» белсенді жастары игілікті істің басы қасынан табылып, ауданның өркендеуіне атсалысады деп сенім білдіремін», - деді Мақсат Асылбекұлы.

Бүгінгі таңда аудан әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» жастармен тығыз жұмыс жүргізіп келеді. Орталық аудан жастарын көптеп тарта отырып, оларды патриоттық рухқа тәрбиелеу, имандылыққа баулу бағытында бірқатар іс-шараларды жүзеге асыруда. Соның арқасында жастарды отансүйгіштікке, имандылыққа баулу, олардың рухани мәдениеттерін арттыру сияқты мұратты істерде бірқатар жетістіктерге жетуде.

Шара барысында жастардың қолынан дайындалған тәттілер мен тоқаш өнімдері көпшілікке ұсынылса, жас домбырашылардың қатысуымен күй ойналды. Жастар өздері шығарған өлеңдерін тарту етсе, аудан әкіміне көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Сонымен қатар, жас кәсіпкерлікпен айналысып жатқан азаматтар өздерінің атқарып жатқан жұмыстарын баяндап өтті.

Ауданында 14-35 жас аралығындағы жастардың саны – 31 667 адамды құрайды. Мемлекеттік бағдарламалармен қамтылған жастардың үлесін айтатын болсақ, «Серпін-2050» бағдарламасына - 7, «Жастар практикасына» - 550, «Дипломмен ауылға» бағдарламасына - 44, 2,5 пайыз жеңілдетілген несие алған жастардың саны – 15, «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасына – 65, жұмыссыз жастарға арналған 1 380 000 грантын алған жастар саны – 50, ақылы қоғамдық жұмысқа тартылған жастардың саны – 701 құрап отыр.

Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров кездесу соңында еліміздің болашағы жастар екенін айтып, олардың азаматтық бастамаларын іске асыруда белсенділіктерін көтеру бағытында түрлі деңгейлі іс-шараларды ұйымдастыруға шақырып, жастарға әрдайым қолдау көрсетіп тұратынын жеткізді.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 381 рет