Бейсенбі, 14 Наурыз 2024 10:48

Шымкент: Наурыз мейрамына орай әр күнге мерекелік сипат берілді

15 наурыз – Қайырымдылық күні

Қарттар үйі, балалар үйі мен көпбалалы отбасыларға арнайы мерекемен құттықтау іс-шарасы өткізіледі және ауызашар беріледі.

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

Салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптар насихатталып көрсетілетін музыкалық-театрландырылған қойылым болады.

Өтетін орны: «Наурыз» алаңы

17 наурыз – Шаңырақ күні

Перзентханаларда жаңа туған нәрестелердің ата-аналарына «Наурыз базарлық» естелік кәдесыйлары табысталады.

18 наурыз – Ұлттық киім кию күні

«Ең үздік балалар мен жасөспірімдердің киім үлгісі», «Ең үздік күнделікті киім үлгісі», «Ең үздік жұмыс киім үлгісі» атты ұлттық киім дизайнерлерінің байқауы өтеді.

Өтетін орны: «Көрме» орталығы

19 наурыз – Жаңару күні

Қаланың саябақтарында көктемгі ағаш егу дәстүрі қолға алынады.

20 наурыз – Ұлттық спорт күні

Иппадромда ұлттық спорт ойындарынан жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталады.

21 наурыз – Ынтымақ күні

Зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері қала тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтайды.

22 наурыз – Жыл басы

«Армысың, әз-Наурыз!» атты сахна өнеріндегі этникалық және заманауи үрдістерді үйлестіретін музыкалық театрландырылған қойылым болады.

Өтетін орны: «Астана» алаңы

23 наурыз – Тазару күні

Қаланың көрікті жерлері мен саябақтарын мерекеден кейінгі қалдық заттардан тазалау үшін жалпыұлттық сенбілік өтеді.

 

Оқылды 257 рет