Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудан әкімі ауылдық округтердің әкімдеріне бірқатар міндеттер жүктеп, жауапты әкімнің орынбасарына тиісті сала мамандарымен бірлесіп полигондарды реттеу, кейбір елді мекендердегі қоқысты ішкі тасымалдау бойынша мәселелерді шешу үшін қадамдық іс-шара дайындауды тапсырды.
Сондай-ақ, көктемгі көшет отырғызу жұмыстарына арнайы белгіленген орындардың және нақты қандай көшеттердің отырғызылатындығын пысықтау қажеттігін айтты. Одан бөлек, елді мекендердің тазалығы басты назарда болатындығын, наурыз айын тазалық жұмыстарына арнау керектігін сөз еткен аудан басшысы ауыл әкімдеріне, жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Мәжілісте аудан әкімі көктемгі дала жұмыстарына қатысты мәселелерге де тоқталып, шаруаларды жанармаймен қамтамасыз етуде бірқатар кемшіліктердің барын айтты. Тиісті бөлімге ауыл әкімдерімен бірлесіп аталған мәселені шешуді тапсырды.