Аудан басшысы тазалық мәселесі ешқашан күн тәртібінен түспейтін мәселенің бірі екенін айтып, әр ауыл әкімі мен бөлімдер өзіне бекітілген аумаққа тазалық жұмыстарын күшейту керектігін ескертіп, ретсіз күл-қоқыс тастаған азаматтарға заң аясында айыппұл салғызу керектігін атап өтті.
Сондай-ақ ауыл-аймақтың тазалық жұмыстарына ауылдың тұрғындарын да барынша тартып, тазалық мәдениетін қалыптастыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу керектігін тілге тиек етті.
Аудан әкімі салаға жауапты басшыларға тазалық жұмыстарын күшейтуді, сонымен қатар көшет отырғызу шараларына белсенді кірісуді тапсырды.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат