Бүгінде Сауран ауданында 111282 халық тұрады. Оның ішінде: қазақтар – 49531, өзбектер – 61101, орыстар – 93, татарлар – 46, әзірбайжандар – 182, тәжіктер – 154, кәрістер – 1, ұйғырлар – 163, шешендер – 1, қырғыздар – 4, бақұрттар – 2, чуваштар – 2. Сауран ауданында Сауран аудандық өзбек этномәдени бірлестігі заңды тұлға ретінде тіркеліп, жұмыс атқаруда.Сауран ауданы өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Құрманбай Рысбеков. Бірлестік мүшелерінің саны-12.
Сауран аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Әміреев Оразбек Жұмабекұлы. Аудандық кеңес мүшелерінің саны-12. Сауран аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Жұманова Нышанкүл. Аудандық кеңестің мүшелерінің саны-12. Ақсақалдар кеңесі және Аналар кеңесінің жұмыс жоспарлары бекітіліп, жұмыстар атқарылуда.
Биылғы жылдың бірінші тоқсанында жалпы өткізілген іс-шаралар саны-30. Оның ішінде қоғамдық көпшілік іс-шара-10, жастармен-4, ақпараттық-насихаттық топ кездесу-14. Этномәдени бірлестіктердің және қайырымдылық бойынша өткізілген іс-шаралардың саны – 2 құрап отыр. Солардың негізгілеріне жеке-жеке тоқталып өтсек.
ТАТУЛЫҚ – БАСТЫ ТІРЕГІМІЗ
Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаевтың төрағалығымен өзбек этномәдени орталығының өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов, «Қоғамдық келісім» КММ- і Сауран аудандық филиалының басшысы Арсылан Раматуллаев, өзбек этномәдени орталығының төрағасы Құрбанбай Рысбеков және 12 ауылдық округтердегі орталықтың өкілдері қатысты.
«БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР» этнос ақсақалдары арасында бата беру сайысы болып өтті
Бата төңірегінде ой қозғау, осы тақырыптағы өз ойларын мемлекеттік тілде сауатты, көркем, толық жеткізе білуге үйрету, бата туралы ой - өрісін кеңейтіп, тақырып бойынша өз ойын жеткізе алуға дағдыландыру, Аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу. Қазақ елін, оның салт - дәстүрін, тілін құрметтеуге тәрбиелеу.Сайыс соңында қатысушылар филиал басшысының алғыс хаттарымен марапатталды.
ЖАСӨСПІРІМДЕР ТӘРБИЕСІ – БАСТЫ НАЗАРДА
Сауран ауданының орталығындағы Қ.Рысбеков атындағы мектеп-интернатының мәжіліс залында «Қоғамдық келісім» КММ Сауран аудандық филиалының ұйымдастыруымен жиналыс болып өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев, ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрғазы Тажыбеков, «Қоғамдық келісім» КММ аудандық филиалының басшысы Арсылан Раматуллаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов, білім бөлімінің басшысы Ақмарал Батырбекова және мектеп директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Жасөспірімдер арасындағы жасалатын қылмыстарды талдау барысында, оларды қылмыс жасауға жеткізген басты себеп ата-аналар тәрбиесінің жеткіліксіздігі екені белгілі болып отыр. Қылмысқа бой алдырған жасөспірімдер ата-ананың немесе мектеп мұғалімдерінің назарынан тыс қалудың салдарынан орын алуда.
Жастар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық, зорлық –зомбылық, ерте жүктілік, әлімжеттіктің алдын-алу
Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сауран аудандық филиалының ұйымдастыруымен Жастар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық, зорлық–зомбылық, ерте жүктілік,әлімжеттіктің алдын-алу мақсатында құқық қорғау қызметкерлерімен, Аналар кеңесімен бірлесіп арнайы бекітілген жоспарға сәйкес «Әшірбек Сығай» жалпы білім беретін мектебінде кездесу болып өтті.
Кездесудің мақсаты-жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық , электронды темекі, зорлық-зомбылықтың, әлімжеттіктің алдын-алу. Кездесуге Сауран аудандық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Н.Жуманова , «Қоғамдық келісім» КММ Сауран аудандық филиалының маманы А.Абиханова, Жастар ресурстық орталығының маманы А.Ермаханова Сауран аудандық ішкі істер бөлімінің аға лейтенанты Жарылқап Мұхамет Сұлтанбекұлы,Шаға ауылдық Аналар кеңесінің төрайымы Т.Досходжаева қатысты. Кездесу барысында қатысушылар пікір алмасып, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап ала білді
САУРАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ӘСКЕРИ БӨЛІМДІ АРАЛАДЫ
«Қоғамдық келісім» КММ Сауран аудандық филиалы мен Сауран аудандық Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «А.Байтұрсынұлы ЖББМ» жоғары сынып оқушылары Түркістан қаласындағы Ұлттық ұлан 6506 әскери бөлімінің жұмысымен танысып қайтты. Әскери бөлім батальоны бастығының орынбасары майор Жолаев Спандияр әскери бөлімнің жұмыстарын егжей-тегжейлі таныстырып шықты. Шараның мақсаты: Жастарды патриоттық рухты тәрбиелеу мақсатында отан сүйгіштікке тәрбиелеуге, патриоттық сезімдерін оятуға, өз отанын қорғап,қолдауға насихаттау. Шараға Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Марат Қалеке, «Қоғамдық келісім» КММ Сауран ауданының филиалының мамандары Н.Оспанов және Е.Тұрсынбай, Түркістан қаласы және Сауран ауданының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының мамандары қатысты.
«Ақпараттық-насихаттық топтың жұмысы»
«ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ НАСИХАТТАУ ЖӘНЕ ЭТНОСАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ САҚТАУ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ
Түркістан облысы «Қоғамдық келісім» КММ Сауран аудандық филиалының ұйымдастыруымен Шорнақ ауылдық округінде орналасқан «Т.Айтжанов», «А.Байтұрсынов» жалпы білім беретін мектептерінде "Ұлттық құндылықтарды насихаттау және этносаралық татулық сақтау" тақырыбында ақпараттық-насихаттық топтың мүшелері мен этнос жастары арасында кездесу өтті.
Мақсаты - этнос жастарының татулық, бірлік, ынтымақ туралы түсініктерін кеңейту. Кездесуге аудандық Өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Құрманбай Рысбеков, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы М.Құлымбетов, Қоғамдық келісім Сауран аудандық филиалының маманы Н.Оспанов, «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының орынбасары Н.Тәжібай қатысты. Кездесуді «Қоғамдық келісім» КММ Сауран аудандық филиалының маманы Нұрсұлтан Оспанов ашып, жүргізіп отырды.
ЭТНОСАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚТЫ САҚТАУ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ
Қоғамдық келісім Сауран аудандық филиалының ұйымдастыруымен "Төле би" және "А.Үсенбаев" ЖББМ "Этносаралық татулықты сақтау және құқықбұзушылықтың алдын алу" тақырыбында ақпараттық насихаттық топтың кездесуі болып өтті.Қазір еліміздің алдына қойылып отырған үлкен мақсат - барлық тұрғындар үшін ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесін тануға бағытталған бірлікке жету болып табылады. Халықтың бірлігі – Қазақстанның барлық жетістіктерінің кілті.
Бейбітшілік пен тұрақтылық – күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпыхалықтық жетістік. Кездесудің мақсаты - этникалық шығу тегімізге қарамай бірігіп, Даңқты мемлекетке айналу және қолымызда тұрған ең бағалы құндылық - егемен, тәуелсіз Қазақстанды көзіміздің қарашығындай сақтап, болашақ ұрпаққа аманат ету. Кездесуге Сауран аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы М.Құлымбетов, Қоғамдық келісім КММ-нің Сауран аудандық филиалының маманы Н.Оспанов, Түркістан облысы дін істері басқармасы ның теолог маманы Б.Абдрахман қатысты.
«АЛҒЫС АЙТУ-ПАРЫЗЫМ» эссе жазу байқауы болып өтті
Бүгін Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы "Қоғамдық келісім"КММ- нің Сауран аудандық филиалының ұйымдастыруымен 1 наурыз - Алғыс айту күні мерекесі аясында Сауран ауданы Аша елді мекеніндегі Т.Айтжанов жалпы білім беретін мектебінде "Алғыс айту - парызым" тақырыбында эссе жазу байқауы болып өтті.
Жоғары сынып оқушыларын қамтыған бұл шарада 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойды. Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өткендігі жайлы ақпарат берілді. Сонымен қатар жас қатысушылардың шығармашылығынан Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні екендігі көрініс тауып тұрды.
АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ ОРАЙ «ТАРИХ ҒИБРАТЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ІС-ШАРА ӨТТІ
Сауран аудандық "Қоғамдық келісім" КММ-нің ұйытқы болуымен Екінші жалпы білім беретін мектебінде 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Тарих ғибраты» тақырыбында дөңгелек үстел жиыны болып өтті.Жиынға «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сауран аудандық филиалының мамандары Н.Оспанов және Е.Тұрсынбай, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы М.Құлымбетов, Сауран аудандық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері, мектеп оқушылары мен этнос өкілдері қатысты.
Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ-ҚАЙЫРЛЫ ІС
Сауран ауданында 1 наурыз-Алғыс айту күні мерекесіне орай Қазақстан халқы Ассамблеясының "Қайырымдылық керуені" республикалық акциясы аясында "Қоржын" тақырыбында қайырымдылық іс-шарасы өтті. Шарапаты мол игі істің өтуіне аудандық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Рысбеков Құрманбай ұйытқы болды. Іс-шара аясында әлеуметтік көмекті қажет ететін жалғыз басты мүмкіндігі шектеулі 2 отбасыға азық-түлік себеттері мен қаржылай көмек беріліп, қарттардың ыстық ықыласына бөленіп, алғысы мен батасын алды.
АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Мезгілдің көріктісі көктем келісімен мерекелер бастау алады. Көктемгі жылы леп, көтеріңкі көңіл-күй, ерекше қуаныш сыйлайды. 1 наурыздан бастап елімізде «Алғыс айту» күні мерекесі кеңінен аталып өтіледі. Оның негізгі мақсаты елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуы, бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты болып табылады.
Осы тұста аудан әкімдігінің ұйымдастырумен 1 наурыз «Алғыс айту» күні мерекесі қарсаңында «Алғыс айту-парызым» атты мерекелік шарасы өткізілді. Салтанатты жиынға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Жиында этносаралық татулықты нығайтуға үлес қосқан азаматтар марапатталды.
«ОСЫ ЕЛДЕ ТАМЫР ЖАЙДЫҚ БІЗ...» дөңгелек үстел болып өтті
"Қоғамдық келісім" КММ-нің Сауран аудандық филиалының жылдық жоспарына сәйкес алғыс айту күніне орай "Осы елде тамыр жайдық біз" тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.Жиынға аудан әкімі орынбасары Бақытжан Кеңесбекүлы арнайы қатысып, өзбек этномәдени орталығының өкілдерімен кездесті. Кездесуге «Қоғамдық келісім» КММ Сауран аудандық филиалының мамандары, өзбек этномәдени орталығының төрағасы Құрбанбай Рысбеков және 12 ауылдық округтердегі орталықтың өкілдері қатысты. Ел бірлігі - бәріміздің де басты мұратымыз. Ең бастысы, көп ұлтты Қазақстандағы этносаралық келісім мен татулық - халқымыздың әл-ауқаты жақсаруының, ел экономикасы өркендеуінің басты кепілі.
«СЫЙЫНАР ЕМ АНА ДЕГЕН ТӘҢІРГЕ” АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІСШАРА ӨТТІ
Түркістан қаласындағы «Шахсарай» мейрамханасында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған «Сыйынар ем ана деген тәңірге» атты тақырыбында мерекелік ісшара болып өтті.
Жиынға Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Баймахан Сүлейменов, аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Балтабай Жарылқасынов, зиялы қауым, ақ жаулықты аналар, қыз-келіншектер қатысты.
Мерекелік шарада аудан әкімі Мақсат Таңғатаров қатысып, барша ақ жаулықты аналар мен қыз-келіншектерді әйелдер мерекесімен құттықтап, алғыс хаттар мен сый-сыяпаттарын тапсырды.
АУДАНДА КӨРІСУ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Аудан ортылығында Наурыз мерекесінің бастауы – Көрісу күніне арналған «Ақ бауырсақ» ұлттық тағамдар көрмесі ұйымдастырылды. Шараға жиналған көпшілікке ұлттық тағамдар тарту етіліп, бауырсақ, құрт, ірімшік, шелпек, талқан, жент, сөк, құрма және т. б. заттар ұсынылды. Мерекелік шара барысында өнер ұжымдарының қатысуымен Көрісу күнінің мән-мағынасы түсіндірілді. Көпшіліктің көңілін көтеріп, ауызбіршілігін арттырып, қуанышқа бөлеп, ізгі-тілектер айтылып, халқымыздың ежелден тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі осылайша аталып өтті.
ЫРЫС АЛДЫ – ЫНТЫМАҚ
Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» Сауран аудандық филиалының ұйымдастыруымен Жүйнек ауылдық округінің Шекербұлақ елді мекенінде «Ырыс алды-ынтымақ» мерекелік іс шарасы болып өтті.Жиынға Сауран ауданы әкімінің орынбасары Б.К.Букебаев пен Кентау қаласы әкімінің орынбасары А.Н.Байболова, облыстық мәслихат депутаты Сүлейменов Баймахан және Аналар кеңесі,өзбек этномәдени бірлестігі Қарнақ пен Шекербұлақ тұрғындары қатысты.
Шараның мақсаты: Қарнақ пен Шекербұлақ арасындағы татулықты нығайту, достықты сақтау. Салт дәстүрді берік ұстанған, қаймағы бұзылмаған ауылдың алты ауызын шырқай білген екі ауылдың бір-біріне деген сыйластығы жоғары деңгейде екендігі мәлім. Шарада "бесікке салу" , "тұсаукесер" салт дәстүрлері мен ұлттық спорт түрлері жаңғырды.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін ғана жеткізіп, екі ауыз сөзбен ердің құнын шешкен данышпан халқымыздың дәл осы ауызбіршілік, ынтымақ, бірлік турасында айтқан даналық сөздері заманалар ауысып, заңдар өзгеріп жатса да, ешқашан өзектілігін жоғалтқан емес. Кез келген қоғамның, кез келген мемлекеттің бақытты ғұмыр кешуі үшін алдымен ауызбіршілік керектігі айдан анық. «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген бабаларымыз да елдің бақыты, ең алдымен, бірлікке байлаулы екенін терең түсінген.
«ТАБИҒАТТЫ АЯЛАЙЫҚ» ІС-ШАРАСЫ БОЛЫП ӨТТІ
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сауран аудандық филиалының жылдық жоспарына сәйкес «Табиғатты аялайық» тақырыбы аясында этнос жастарымен көктемгі тал егу шарасы болып өтті. Шараның мақсаты: Қоршаған орта, табиғат пен тіршілік арасындағы байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту. Ойлау есте сақтау және зерделеуін дамыту, табиғатқа сүйіспеншілікке тәрбиелеу, жаратылыстың әрбір заты мен мүшесін құрметтеуге, қоршаған ортаны қорғауға, сақтауға үйрету. Сүйіспеншілік, мейірімділік қасиеттерін дамыту.
«НАУРЫЗ – БІРЛІК БАСТАУЫ»
МЕРЕКЕЛІК ШАРАСЫ ӨТТІ
Наурызнаманың 10 күндігі аясында 19 наурыз Жаңару күніне орай білім бөлімінің ұйымдастыруымен Жұмабек Тәшенов атындағы жалпы орта мектебінде «Наурыз – бірлік бастауы» атты мерекелік ісшарасы өтті. Шараға аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев, білім бөлімінің басшысы А.Батырбекова, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ж.Жұмабекова, «Қоғамдық келісім» КММ Сауран аудандық филиалының басшысы Арсылан Раматуллаев тағы да басқа қонақтар қатысты.
Мерекелік шара мектеп ауласына көшет отырғызу рәсімінен бастау алды. Шара шымылдығы ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды. Мектептегі өнерлі өрендер ән мен жырдан шашу шашты. Ұлттық әдет-ғұрып пен салт-дәстүрден сыр шертетін әңгіме де айтылды, көрініс те қойылды, қазақы ойындарымыз да назардан тыс қалмады.
«САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ»
Ұлыстың ұлы күні Наурыз қарсаңында «Қоғамдық келісім» Сауран аудандық филиалының ұйытқы болуымен №2 ЖББМ спорт залында ұлттық ойындардан сайыс болып өтті.Салауатты өмір салты — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады.
Әлеуметтік желі мен жергілікті БАҚ беттерінде ақпараттық түсіндіру жұмыстары
Этномәдени бірлестік өкілдері, Аналар кеңесі мен Ақсақалдар кеңесі мүшелерінің мақалалары және филиалдың атқарылған жұмыстар туралы «Сауран Қоғамдық келісім»фейзбукәлеуметтік желі парақшасында жалпы 39-материалжәне жергілікті «Сауран»газеті беттеріне жалпы 2-мақала жарияланды.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат