Қоғамдық бақылау жұмысына Созақ ауданы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшесінің бас инспекторы С. Қарабаев және Созақ аудандық «Демеу» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы, аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі Б. Смахова қатысты. Бақылау барысында Созақ ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі зерделенді.
Атап айтқанда, мемлекеттік қызмет алушыларға қажетті ақпараттардың толық әрі түсінікті түрде ұсынылуы, мемлекеттік қызметтер мен өтініш үлгілері көрсетілген ақпараттық стендтердің талапқа сай орналастырылуы, азаматтарды қабылдаудың ұйымдастырылуы, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының болуы және оның тиімділігі назарға алынды. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жасалған жағдайлар, мемлекеттік қызмет көрсету барысында қажетті ақпараттардың қолжетімділігі мен азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру мәселелері қаралды. Бақылау қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасын одан әрі арттыру, қызмет алушылар үшін қолайлы жағдай жасау және мемлекеттік қызметтерді белгіленген талаптарға сәйкес ұйымдастыру бағытында жауапты мамандарға тиісті ұсынымдар берілді.
Елімізде мемлекеттік қызмет көрсету мемлекеттік қызметпен тығыз байланыста. Бұл кездейсоқ емес, себебі мемлекет қызметті мемлекеттік органдар, сонымен бірге жеке және заңды тұлғалар арқылы көрсетеді. Сондықтан Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын басқару мәселелерін зерттеу кезіндегі негізгі қиындық «мемлекеттік функциялар» мен «мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» ұғымдарының арасын нақтырақ бөлу қажеттілігінде, сонымен қатар мемлекеттік қызметтердің орны мен рөлін және олардың сапалы орындалуын анықтау болып тұр. Содан кейін мемлекеттік орган және мемлекеттік қызметші жұмыстарының тиімділігін анықтауға бағытталған қоғамдық бақылаудың кері байланысы қажеттілік ретінде маңызды.
Қоғамдық бақылауды жүргізу қоғаммен бірге мемлекеттік билікке де пайдалы. Расымен де, бұл жұмыс мемлекетті жауапты болуға, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге, адамның құқығы мен бостандығын қорғауға және сыйлауға, жалпы айтқанда ортақ игілігінің тиімділігіне әрекет етуге міндеттейді. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бағалаудағы қоғамдық бақылаудың негізгі мақсаты — мемлекеттік органдар жұмыстарының кері байланысын қамтамасыз ету. Бұл құрал сол немесе басқа да қызметтердің мақсаттылығы мен қажеттілігін және де оларды көрсету әдістерінің тиімділігін анықтауға септігін тигізеді. Тек қана қоғамдық бақылау арқылы мемлекет қоғам және нәтиже үшін жұмыс жасай алатын болады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қажеттілігі жыл сайын артып келеді. Соның нәтижесінде оларды заңнамалық деңгейде реттеу қажеттілігі туындады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі ұғымын, сонымен бірге қызмет алушының құқығын және қызмет алушының құқығы мен міндеттерін анықтайтын Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңында жеке тұлғаларға және үкіметтік емес ұйымдарға басқарушы шешімдерді қабылдау кезінде белсенді қатысуға мүмкіншілік беретін, мемлекеттік қызмет көрсету саласын жетілдіру мен дамытудағы қоғамның рөлін арттыратын жаңа әдістер енгізілді. Осындай әдістерінің бірі — мемлекеттік қызметті көрсету процедураларын жетілдіру бойынша әрбір азаматқа өз ұсынысын беруге мүмкіншілік беретін, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау.
Тағы бір маңызды және түйінді механизмдерінің бірі — жеке тұлғалар, коммерциялық емес ұйымдар өз бастамасы бойынша және өз есебінен іске асыратын, сонымен бірге мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның, яғни Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрлігінің қоғамдық мониторингті қалыптастыруға және іске асыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингін жүргізу. Қоғамдық мониторинг қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасының деңгейі туралы ақпараттарды жинақтау және талдау жұмыстары жүргізіледі, қызмет берушілерге заң талаптарының сақталмауы фактілерін жою туралы және мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің сапасын және оңтайландыруын арттыру бойынша ұсыныстар әзірленеді. Қызметті көрсету кезіндегі әкімшілік кедергілер және мемлекеттік қызметші тарапынан жіберілген рәсімділік пен субъективтік бұзылушылықтар анықталады.
Аталған мониторинг қандай да бір саладағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасына азаматтардың қанағаттанушылығы туралы ақпаратының қажетті нәтижесін алуға көмек береді. Сонымен қатар бұл жұмыс мемлекеттік деңгейдегі халыққа қызмет көрсету рәсімдерін жақсарту бойынша өткізіліп жатқан өзгерістерге азаматтардың сенім деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Қоғамдық мониторинг жүргізу кезінде халықпен жұмыс жасаудың түрлі формалары пайданылады: сауалнамалар, фокус-топтар және сұхбат жүргізу, «құпия сатып алушы», мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне бақылау жүргізу. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қоғамдық мониторинг жүргізудің рейтингі бекітіліп, азаматтардың қанағаттанушылық деңгейін анықтау бойынша қызмет алушылар арасында сұрақ қою арқылы жүргізіледі және келесі критерийлер бойынша бағаланады: ақпаратқа қолжетімділік, қызмет сапасы, оны көрсету үдерісі, қызметтер туралы ақпарат, қызметтің нәтижесі мен оларды электронды түрде көрсету.
Жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және жақсарту бойынша нақты шаралар қабылданады, мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заң талаптарының сақталуы бойынша тексерістер жүргізіледі. Аталған тексерістердің негіздемесі ретінде таңдамалы тексеріс жоспарлары, қызмет алушылардың шағымдары және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бұзылуы туралы басқа да ақпараттар қолданылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырудағы маңызды мәселелердің бірі — халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы хабардарлығын және құқықтық сауаттылығын арттыру, заң бұзылушылықтарын ескерту және сыбайлас жемқорлықтар көріністері мен іс-қимылдарын жою. Мемлекеттік органға қызмет алуға барған әрбір азамат оны көрсету стандартымен танысуы қажет. Онда қызмет алушыға арналған барлық ақпараттар көрсетілген: қызметті көрсету тәртібі, мерзімі, нысаны, нәтижесі, мемлекеттік қызмет көрсетудің төлем ақысы, оны төлеу әдістері, қызмет берушінің жұмыс регламенті, қызмет көрсетуге қажетті құжаттар тізілімі, шағымдану тәртібі және т.б.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат