Қабылдау барысында Мирас Асқарбайұлы қала және ауыл тұрғындарының арыз-шағымдарына құлақ түріп, азаматтардың талап-тілектерінің жедел шешілу жолдарын қарастырды.
Арыз-шағымын арқалап келген Кентаулық тұрғындардың басым көпшілігі өздерін алаңдатқан тұрғын-үй, жер, су және әлеуметтік мәселелер бойынша бірқатар сауалдарын жолдап, ол бойынша толымды жауаптар мен құқықтық кеңестер алды.
Қоғамдық қабылдау кезінде тұрғын-үйге мұқтаждар есебінде тіркелген Гүлмира Әнетбекқызы кезектілік мәселесі бойынша өз жанайқайын жеткізсе, Меруерт Алиева жер учаскесінің пайдалануға берілмегендігін және басқа жер учаскесіне ауыстыру бойынша өтініштерін білдірді.
Сондай-ақ, Наталья Крылова есімді жергілікті тұрғын құбыр суының көтерілуі салдарынан тұрғын-үй құрылысына зиян келгендігін алға тартып, осыған орай тиісті мекемелер тарапынан көмек көрсетілуін және тәжік-ауған соғысының ардагерлер кеңесінің төрағасы бір реттік әлеуметтік төлемақы төленбегендігін жеткізіп, осы мәселені бақылауға алуын сұрады.
Азаматтардың әрбір арыз-шағымына терең үңілген Мирас Асқарбайұлы аталған өтініштердің Департамент тарапынан назарға алынатынын және алдағы уақытта нақты шаралар атқарылатынын тілге тиек етті.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат