Адамзаттың алғаш рет бетпе-бет кездескен мұндай жаһандық қиындықтың уақытша құбылыс екенін, қауіпті індеттің алдын алып, санитарлық талаптарды сақтай отырып, білім берудің дәстүрлі қалпына оралу үшін барлық жағдайдың жасалатынын айтты. Биылғы жылға бекітілген міндеттерді атады.
«Білім беру саласын биыл ауқымды өзгерістер күтіп тұр. Осы жылы 17,1 млрд. теңгеге 49 мектептің құрылысын жүргізу, оның ішінде 11 мектепті жаңадан салу жоспарланды. Мектепке дейінгі ұйымдарды 1 436 жеткізіп, «Жас маман» жобасы бойынша 7 колледжге 2,1 млрд теңге бөлінеді. Былтырғы жылы білім беру саласына 334,3 млрд. қаржы бағытталды. Жыл басынан 2 мыңға жуық балаға арналған 15 жекеменшік балабақша іске қосылып, 500-ге жуық балаға қосымша топтар ашылды. Соның нәтижесінде балалар 100 % балабақшамен қамтылды»,- деді облыс әкімі.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат