Сейсенбі, 23 Ақпан 2021 20:47

Өмірзақ Шөкеев мәдени – рухани орталықтағы құрылыс басында болды

Өмірзақ Шөкеев мәдени – рухани орталықтағы құрылыс басында болды. «Керуен сарай» тұрғын үй кешенінің аумағы жасыл желекке оранып, веложолдар салынуда.

Жаяу жүргіншілерге ыңғайлы болуы үшін жарықшамдар мен, орындықтар қойылып, көгал, су арнасы өткен демалыс аймағына айналмақ.

«Қауіпсіз қала» жобасы аясында туристік орындар мен саябақтарға «SOS» батырмасы орнатылуда. Ол арқылы кез-келген азамат полициямен аудио байланысқа шыға алады. Қылмысқа куә болып, не көмек керек болған жағдайда  «SOS» арқылы байланысқа шығып, арыз беруге болады. Әзірге Қ.А.Ясауи кесенесі аумағына екі данасы қойылған. Алда олардың саны артады.

Облыс әкімі Ясауи кесенесінің жанынан бой көтерген «Этноауыл» алаңында болды. Орта ғасырдан бастап, көшпенділер дәуірі мен қазақ хандығының ордасы көрініс тапқан ерекше жобада ежелгі шығыс базары мен көшпенділер ауылы ашылған.

Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығында құрылыс жұмыстары жүріп жатқан 38 көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы қасбеті ашық түсті травертин мен ақшыл мәрмәр таспен қапталуда. Саттарханов даңғылының бойындағы тұрғын үйлер мен ғимараттардың сырты көрінісі бірыңғай стильде жаңартылуда. Бұл жұмыстарға аудандар мен қала басшылары тікелей жауапты. Облыс әкімі «Желілік саябақтың» үшінші кезеңінің жұмысын бақылады. 15 гектар аумақта 200-ге жуық жұмысшы мен 80 техника жұмылдырылған. 

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат 

Оқылды 376 рет