Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Оған ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерттеу орталығының, мүдделі мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор мен кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері қатысты.
Отырыс барысында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерттеу орталығының сарапшысы Айбек Қабылдин "ISO 37001: сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесі» және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі мен стандартының маңызын түсіндірді.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай комплаенсты әсіресе кәсіпкерлік салаға енгізудің қажеттігіне назар аударды.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат