Сейсенбі, 23 Ақпан 2021 21:22

Шардара ауданы әкімі жеке қабылдау өткізді

Шардара ауданы әкімі жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың мәселесін тыңдады. Бұл туралы Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Бүгін аудан әкімі Қ.Жолдыбай "Nur Otan" партиясы Шардара аудандық филиалының ғимаратынды тұрғындарды жеке қабылдады.

Қабылдауға "Nur Otan" партиясы Шардара аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Қарымсақов, аудан әкімінің орынбасарлары мен дербес бөлім басшылары қатысты.

Өз кезегінде, тұрғындар қордаланған мәселелерді қозғап, тиісті мамандарға өз сауалдарын жолдады. Тұрғындар тарапынан: жарамсыз күйге түскен жекеменшік тұрғын үйін қалпына келтіруге көмектесу, мемлекеттік актіні өзгерту мәселесі, мүгедектік санатына шығару және тағы да басқа мәселелер қозғалды.

Аудан басшысы әр тұрғынның сауалдарына заңды түрде жеке-жеке жауап беріп, әрбір мәселеге талқылау жасап, шешу жолдарын қарастырды. Сондай-ақ, алдағы уақытта тұрғындардың мәселелерін бақылауда ұстайтындығын айтып, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар берді. Сөз соңында тапсырмалардың орындалуын жіті бақылауында ұстайтынын айтты.

 

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат 

 

Оқылды 435 рет