Аталған топ мүшелері "Бірыңғай әлеуметтік терезе" республикалық акциясы аясында әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген және көпбалалы аналарды қабылдады. Қабылдауға келген азаматтар негізінен қаржылай көмек, тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрақты жұмысқа орналасу, т.б. мәселелерінің шешілуіне ықпал ету жөніндегі өтініштермен келді. Келушілерге топ мүшелері өтініштер бойынша нақты шаралар қолға алынып, азаматтардың мәселелерінің мейлінше жылдам әрі нәтижелі шешілуі бойынша кезек күттірместен тиісті жұмыстар жүргізілетінін баяндады.
Партияның «Бірыңғай әлеуметтік терезе» республикалық акциясында қоғамдық қабылдау бөлмесінде күнделікті "Әлеуметтік навигатор" бір терезе қағидаты бойынша тақырыптық қабылдаулар жүргізетін болады. Онда азаматтардың мәселелері қаралып, заң аясында түсіндіру жұмыстары және мәселелерін оң шешу бағытында тұрақты түрде жұмыстар атқарылатын болады.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат