Өңірде облыстық маңызы бар жолдар 21 шақырымға қысқарды. Осы өзгерістерді сала басшылары облыстық қоғамдық кеңестің талқылауына ұсынды.
1991 жылдан бері бүгінгі есеп бойынша елімізге 1 млнан астам этникалық қандастарымыз келген. Бұлардың 790 мыңы Көші-қон комитетінің тізіміне еніп, тіркеуден өтіп, оралман мәртебесін алды. Ал қалған 200 мыңдайы өз күшімен көшіп келгендер. Түркістан облысынада 224 мыңнан астам этникалық қазақтар көшіп келген. Оралман атауын қандастар деп өзгерту керек –дейді басқарма басшысы.
Облыста оралмандарды бейімдеу орталығы жұмыс істейді. Сол жұмыстарды реттеп ары қарай жалғастыру үшін осы қаулыға өзгеріс ендіруқажет.
Оңтүстік қзақстан Түркістан облысы болып өзгергендіктен өңірдің кейбір жолдары республикалық Шымкент қалалық жолдар санатына енген. Бұрынғы 4 152 шақырым облыстық маңызға ие жолы қазір 4031 шақырымды құрайды. Қаулығы өзгеріс ендіру мәселесі қоғамдық кеңесте қаралды.
Осыған байланысты 207 ші қаулы өзгеріс ендіруді қажет етеді.
Айта кетейік облыстық қоғамдық кеңестің 34 мүшесі бар. Барлығы өңіріміздің дамуына үлес қосып жүрген айтары бар азаматтар. Бұл жолғы отырыста кеңес құрамы жаңа мүшелермен толықты.
Бүгін қоғамдық кеңестің қатарына бір қатар өңірімізге танымал азаматтар қосылды.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат