Сәрсенбі, 24 Ақпан 2021 21:03

Сәкен Қалқаманов Созақтағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

Сәкен Қалқаманов Созақтағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сакен Қалқаманов фейсбук парақшасында Шолаққорғандағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады. Айтуынша, әзірге ахуал тұрақты.  Шұғыл жиналыс өткізіп, ТЖД, аудан әкімдігінің мамандары Жеткіншек елдімекенінде штаб құрған.

Ауылды су басудан аман алып қалу үшін экскаватормен 150 метр көлденең қашыртқы да қазылған. Тереңдігі — 2 метр, ені — 1,5 метр. Алайда жердің ылғалдығы мен ауа райының қолайсыздығына байланысты жерді қазу жұмыстары баяу жүргізілуде.

Түркістан облысы ТЖД бастығы Нұрғали Жүнісовтың айтуынша, Жеткіншек елдімекенінде 92 үй бар. Ауылдағы барлық үйдің ауласына су кірмеген. Шеткі 22 үйдің жер асты суының деңгейі көтерілген. Алдағы уақытта арнайы құрылған комиссия келтірілген шығын көлемін анықтайтын болады. Сондай-ақ, судың қайдан келіп жатқандығы да жіті тексеріледі. Әзірге жағдай бірқалыпты айта өтті.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат 

 

Оқылды 417 рет