Бұл туралы қала әкімдігі ресми мәлімет таратты.
Айта кетейік,аталған ұйымға мүше болу арқылы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі енді туристердің қызығушылығын одан сайын арттыра түспек. Сондай-ақ, күн сайын көркейіп келе жатқан шаhардың қала статусын арттырып, жергілікті тұрғындарға ерекше қуаныш сыйлайды.
Осы мақсатта 2 сәуір күні Түркістан қаласында Еуразияның Дүниежүзілік мұрасы қалаларының X Халықаралық конференциясы өтеді. Бұл конференция Дүниежүзілік мұра қалалары ұйымының (ДМҚҰ) серіктестігі шеңберінде ұйымдастырылмақ.
Айта кетейік, аталған ұйым 1993 жылы 8 қыркүйекте Фес қаласында (Марокко) құрылған болатын. Ұйым - дүниежүзілік мұра объектісін қалалық басқаруға қатысты барлық мәселелер бойынша ұжымдық кеңес. Өз аумағында ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген 300-ден астам қаламен байланысады. Бұл қалалардың барлығында жалпы 164 миллионнан астам адам тұрады.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат