Жұма, 26 Ақпан 2021 20:23

Түркістан: Магистралды каналдар министрліктің бақылауында

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі С.Қожаниязовтың қатысуымен Түркістан облысындағы аудан, қала әкімдерімен селекторлық режимде жиналыс өткізілуде.

Жиында Түркістан магистральды каналындағы құрылыс жұмыстарының барысы және Сырдария өзенінен машиналық канал салу жобасы, Жетікөл көлдер жүйесін жаңғырту жобалары талқылануда.

Түркістан магистралды каналы күрделі жөнделуден өтіп, Кеңсай-Қосқорған-2 су қоймасының құрылысы жүруде және Сырдария өзенінен машиналық әдіспен Түркістан магистралды каналына ағын су тарту жобасы жүзеге асты. Облыстық бюджет есебінен соңғы 2 жылда 243 шақырымды құрайтын 61 каналға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 42 дана тік ұңғымалар қалпына келтірілді. Нәтижесінде 44,3 мың га суармалы жердің сумен қамтамасыз етілуі жақсарды, 53 млн. м3 су үнемделді. «Тұран су» арнасындағы 21 каналға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Арыс-Түркістан магистралды каналының бойындағы 97 ішкі каналдар облыстық коммуналдық меншікке қабылданып, осы ішкі каналдарға шектік тариф бекітілді. Сонымен қатар, «Түркістан қаласын дамыту бойынша бірінші кезектегі іс-шаралардың жүзеге асыру туралы» жол картасына «Арыс- Түркістан каналын көректендіретін Сырдария өзенінен машиналық каналдың құрылысы» жобасы әзірленуде. Аталған жобалардың Түркістан облысы үшін маңыздылығын ескеріп, қосымша Сырдария өзенінен ағын су лимиті сұратылған болатын. Бұл мәселелер уақыт күттірмейді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат 

 

Оқылды 454 рет