Бұл туралы Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Отырысқа Төлеби ауданы әкімінің орынбасары С.Дүйсебаев, аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы С.Бекмурзаев, ауданның қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Абдиев және мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ә.Әсілбек ауданның зиялы қауім өкілдері қатысты Отырыс барысында қоғамдық келісім кеңесінің құрамы бектіліп, жиынға қатысушылардың орамды ойлары мен пайымды пікірлерін ортаға салып, күн тәртібіндегі мәселе аудан аумағындағы ұлтаралық ынтымақ пен достық қарым-қатынасты нығайту, аудан орталығында «Достық» үйін ашу және аудан аумағында этнос өкілдері тығыс орналасқан елдімекендерде жергілікті сала мамандарын және этнос өкілдерін қатыстыра отырып, қоғамдық тыңдаулар ұйымдастыру мәселелері кеңінен талқыланып, пікірлері тыңдалды. Аталған күн тәртібіндегі мәселелер бойынша алдағы уақытта тиісті жұмыстар атқарылатын болады.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат