Төлеби ауданының әкімі Төлеген Тұртайұлы Телғараев тұрғындардың тұрмыс-тіршілігімен жақын танысу, әлеуметтік маңызы бар нысандардың жай-күйін көру мақсатында ауылдық округтерде болып, тұрғындармен кездесті. Жанына әр саланың тиісті басшыларын ерткен аудан басшысы Аққұм, Қаратөбе, Қасқасу және Тасарық ауылдық округтеріне барды.
Кездесулерде белсенділер бірнеше өзекті мәселелерді ортаға салды. Жұмыссыздықты азайту, кәсіпкерлікті дамыту, елдімекендер тұрмыс-тіршілігін көтеру бағытында ұсыныстар айтылды. Өз кезегінде аудан басшысы ауданымыз үшін маңызды мәселелерді шешу жолында бірлесе жұмыс атқаратындығын жеткізді. Аудан басшысына жаңа қызметіне ауыл ақсақалдары бата беріп, жұмысына сәттілік тіледі.
Бұдан бөлек Төлеби ауданында тасқын судың алдын ау жұмыстары бойынша дайындық жұмыстары пысықталуда. Аудан басшысы, Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары осы бағытта үздіксіз жұмыс атқарып келеді.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат