Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлайды.
Кездесуде тұрғындарының мұн-мұқтажы мен ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Жүздесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан бірқатар мәселе тыңдалды.
Тұрғындар білім ордалары тарапынан берілетін ыстық тамақ, мектеп формалары және онлайын оқуға кедергі болып отырған интернет мәселелерін, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу барысында кездесетін әкімшілік кедергілерді қозғады. Сонымен бірге "Еңбек" бағдарламасымен берілетін мемлекеттік гранттарды алу жолдары жайлы сұрақтар қойылды.
Облыстың мәслихат депутаты барлық өтініштерге ҚР заңына сәйкес жауап берді. Әрбір арыз бойынша жергілікті атқарушы органдармен бірге тиісті жұмыс жүргізілетінін айтты
Айта кетейік, Түркістан облысының барлық аудандарында халық қалаулылары қоғамдық қабылдау ұйымдастырып, қала-ауыл тұрғындарымен кездесулер өкізіп келеді. Мақсат – елдің мәселесін естіп, көмек қолын созу, өмір сапасын жақсартуға себепші болу болып табылады.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат